27 сәуір 2015 | 16:29

"Новая волна" байқауына Қазақстаннан тұңғыш рет екі қатысушы барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

VoiceKZ квартеті. © ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі VoiceKZ квартеті. © ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

"Новая волна" байқауына Қазақстаннан тұңғыш рет екі қатысушы барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Новая волна" байқауына Қазақстаннан тұңғыш рет екі қатысушы барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 23-24 сәуірде Мәскеудегі "Бородино холл" концерттік залында өткен жартылай финалда ақтық сынға жеткен қатысушылар анықталды. Айта кетейік, біздің елден бұл байқауға 6 қатысушы аттанған болатын. 

"Биыл әділ қазылар Қазақстанның екі қатысушысын финалға шығарды. Әнші Ademi-ден (Динара Қайырова) басқа байқау финалына жас топ VoiceKZ өтті. VoiceKZ квартеті Il Divo тобының репертуарынан әлемдік хит пен композитор Брендон Стоунның авторлық әнін орындады. Жюри топтың талантты солистерінің мықты вокалын ескеріп, оларды халықаралық байқаудың ақтық сынына өткізді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл топ 2013 жылы құрылған. Топтың құрамындағылар: Шалқарұлы Қуандық, Әбілмәжінов Асан, Арашанбеков Саяхат, Сегізбай Нұрхат. 

Еске сала кетейік, өткен жылы бұл байқауға қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов қатысып, 10-орын алған еді. Жас орындаушылардың "Новая волна" халықаралық байқауында қазақстандықтар әлі күнге дейін алғашқы орынды иеленген емес. Rin’Go, Қайрат Түнтеков және The Jigits қана төртінші орын алған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети