Нұр-Сұлтанда Димашты жанкүйерлері қалай қарсы алды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Фанаттар жас әншінің келуіне бірнеше сағат қалғанда халықаралық әуежайға жиналды. Олардың арасында әр түрлі жастағы ерлер мен әйелдер болды. Кейбіреулері осы кездесу үшін басқа қаладан да келген. 

Әуежайда Димашты 100-ге жуық фанат күтті. Қазақстандық әншінің АҚШ-та сәтті өнер көрсетуіне қуанған олар, "Димаш!" деп ұрандады. 

Димаш Құдайберген әуежайдың шығаберісіне әрең өтті. Жанкүйерлердің әрқайсы онымен суретке түскісі келген. 

Таяуда Президент Димашқа "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын берді. 

Димаштың әкесі Қанат Айтбаев жиналғандарға алғыс білдіріп, ұлының жаңа статусы жайлы айтты. 

"Ересектерге өздерінің қуанышы мен тілектері және әрдайым қолдау көрсетіп отырған Үкіметке зор алғысымызды білдіреміз. Біздің алғысымыз шексіз. Димаштың жақсы жаңалықтарын жібермей, жариялап жүретін журналистерге алғыс айтамыз. Марапат туралы бізге қазір ғана айтты, ұшып келгенде естідік. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Үйге келіп, туыстарымызбен бөлісеміз. Олар осы жаңалықтан бастары айналып отырған болар", - деді Қанат Айтбаев.

Журналистер әншінің қашан үйленетінін сұрады. 

"Ол әлі жас, бірақ үйленемін десе - үйленеді ғой. Ол күнге де жетерміз", - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің әкесі. 

Қанат Айтбаев Нью-Йоркте өткен концертті өте ауыр, эмоционалдық және физикалық процесс деп атады. 

"Басқа құрлық, бізде күн, оларда түн, бірақ ол барды да концерт берді. Әрине, шаршады. Концерттен кейінгі шаршау байқалды. Бірақ эмоция шаршауды басып кетті, себебі бұл біздің халқымыздың әндері, Отанымыздың әндері, біздің домбыраның үні, мемлекетіміздің аты, біздің ту көтерілді. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш", - деді ол.

Димаш Құдайбергеннің фанаттары Нью-Йорк әуежайын "басып алды"

10 желтоқсанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Barclays Center аренасында Димаш Құдайбергеннің Arnau Tour Envoy концерті өтті. Димаш Arnau шоуының үздік сәттері енген, жаңартылған Arnau tour ENVOY бағдарламасын ұсынды.

Президент Сара Назарбаева мен Димаш Құдайбергенді марапаттады

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro