24 тамыз 2021 | 16:00

Оралдық 21 жастағы жігіт битбокстан әлем чемпионы атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эльдар Габдуллин Эльдар Габдуллин

Оралдық 21 жастағы Эльдар Ғабдуллин битбокстан АҚШ-та өткен жарыста әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Оралдық 21 жастағы Эльдар Ғабдуллин битбокстан АҚШ-та өткен жарыста әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлем чемпионатының барлық үш кезеңі онлайн режимде өткен. Эльдар финалға ұсынған шығармасын Желідегі проблемаларға байланысты, бірнеше рет қайталап жазуға мәжбүр болған. Бірақ, бұл оған кедергі болмады. Бірінші орын үшін оған 500 доллар ақшалай сыйлық және келесі чемпионаттарда қатысушыларды бағалау мүмкіндігі берілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DROPICAL (@dropical_beatbox)

Эльдар битбоксты меңгеруді YouTube көмегімен 2015 жылы, небәрі 15 жасында бастаған. Ол ата-анасы бастапқыда қарсы болғанын, оның өнерін енді ғана қолдап, түсіне бастағанын айтты.

"Менің музыкалық білімім жоқ. Бала кезімнен бірнәрсемен айналысқым келді. Бимен, вокалмен айналыстым. Бірақ басқа дүниені қалайтынымды түсіндім. Кейін ойламаған жерден YouTube-тағы битбоксшылар видеосына тап болдым. Ол кезде бұл салада Қазақстанда ешкім жоқ еді. Мен осы салада бірінші болуды ойладым. Осы ой маған мотивация берді", - деді ол.

Қазір Эльдар студент. Мамандығы ағылшын тілі мұғалімі. Сондай-ақ, ол оқу орталығында сабақ береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DROPICAL (@dropical_beatbox)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети