21 желтоқсан 2015 | 10:32

"Орда" тобының әншілері Turkvizyon-2015 байқауынан кейінгі әсерін бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Орда" тобы © massaget.kz "Орда" тобы © massaget.kz

Бүгін, 21 желтоқсан күні Turkvizyon-2015 байқауында екінші орын иеленген "Орда" тобы Отанға оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Тілшілер жеңімпаздарды әуежайдан қарсы алып, сұхбат жүргізді.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 21 желтоқсан күні Turkvizyon-2015 байқауында екінші орын иеленген "Орда" тобы Отанға оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Тілшілер жеңімпаздарды әуежайдан қарсы алып, сұхбат жүргізді.

Топ мүшелері өткен жылы осы байқауда қазақстандық Жанар Доғалова алғаннан кейін оның жетістігін қайталаудың қиын болғанын білгендерін айтады. "(...) Шыны керек, өткен жылы бірінші орынды Жанар алғаннан кейін, бізге қиынға соғарын іштей сездік. Биікке бір шыққан соң, ары қарай имиджді сақтау зор жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, ашып айту керек, барған себебіміз осы болды. Жанар өзінің ұлттық, қазақи нұсқасын көрсетті. Енді біз Қазақстанды мүлдем басқа қырынан көрсетуді қаладық", - деді олар.

Сонымен қатар, әншілер байқауда орындаған "Олай емес" атты әннің мән-жайын айтты. "Бұл әннің мағынасын барлығы бірдей түсіне бермейді. "Олай емес" әні халыққа несімен ұнамай қалды? Осы сұрақ біздің де көкейімізде жүр. Сөзі өте керемет, мұнда өте терең ой, терең сезім, философия жатыр. Неге осы әнді орындадыңыздар деп халық сұрай береді. Сұрақтың мәнін сөзі жоқ, мағынасы жоқ деп түсіндіреді. Біреуі осы әнді мән беріп тыңдады ма екен?", - деп сауал тастады "Орда" тобының мүшелері. 

Олардың айтунша, бірінші орын алған қырғыз әншілерінің жеңісі лайық болды. Сонымен қатар, олар қазылар алқасының шешімін әділ деп санайтынын да жасырмады. 

Әншілер тілшінің "Біткен іске сыншы көп. Енді соңдарыңыздан жақсылы-жаманды көп сөз ерері анық. Сынға көзқарастарыңыз қандай?" деген сауалына былай деп жауап қатты. "Он бес жыл ішінде оған етіміз үйреніп кетті. Қазақстанда қазіргі заманда мәдени дағдарыс болып жатыр деп те айтқымыз келмейді. Интернетті ашып қарасаңыз, барлық алып мемлекет тек экономикалық жақтан емес, өнерге осындай өзгеріс алып келіп жатыр. Мұны қарапайым халық біле бермейді, ол көбіне өнер адамдарына аян. Біз домбыраны алып шықпағандықтан, қазақи ән айтпағандықтан қазақ болмай қалмаймыз. Фольклордың не екенін және әлемдік музыканың не екенін бөліп қарастырып, түсіне білсек өте тамаша болар еді".

Еске салайық, жексенбіге қараған түні қазақстандық "Орда" тобы Turkvizyon байқауында екінші орын алған еді. Конкурста Қырғызстан музыканттары жеңімпаз атанды. Қырғыз әншісі 194 ұпай жинаса, қазақстандық "Орда" тобы "Олай емес" атты әнімен тоғыз ұпайға кем жинай алды, яғни 185 ұпай алып отыр. Ал үшінші орынды Түркия атынан шыққан өнерпаз жеңіп алды. Айта кетейік, Қарағанды облысының тумасы, 12 жастағы Тұрсынхан Еркін Ыстамбұлда балалардың Bala Turkvizyon халықаралық ән конкурсында екінші орын алған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети