Өзбекстанның танымал әншісі Джон Руми коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, Роза Рымбаеваның "Атамекен" әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өзбекстанның танымал әншісі Джон Руми коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, Роза Рымбаеваның "Атамекен" әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті, Қазақстан халқы. Барлығымыз қиын-қыстау кезеңді басымыздан өткеріп жатырмыз. 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы, ал 2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы деп жарияланғанын білесіздер. Өкінішке қарай, 2020 жылы әлемде күрделі кезең басталды. Мен елімнің қарапайым азаматы ретінде және Өзбекстан мәдениетінің өкілі ретінде сіздерді моральдық тұрғыда қолдауға шешім қабылдап, қазақша ән орындауды ұйғардым", - дейді әнші Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 71 838-ге жетті. 43 029 науқас дертінен айықты, 464 адам қайтыс болды.
19 шілдедегі мәліметке сәйкес, Өзбекстанда 16 752 адам COVID-19 жұқтырды. 9 279 науқас жазылды, 87 адам аурудан көз жұмды.