07 наурыз 2014 | 10:49

Парвиз Назаров Backstreet Boys-пен бірге ән айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Парвиз Назаров  Backstreet Boys тобымен бірге ән айтты Парвиз Назаров Backstreet Boys тобымен бірге ән айтты

Қазақстандық әнші, композитор Парвиз Назаров атақты Backstreet Boys тобымен бірігіп, бейнекөрініс түсірмек, деп жазады "Экспресс-К". Парвиз Назаров әлеуметтік желілердің бірінде Backstreet Boys жігіттерінің бірімен хат алмасып отырып, танысып алады да, олардың Show ‘Em What You’re Made Of композициясын орыс тіліне аударып, орындауға рұқсатын алады. Туындының орысша нұсқасына "Мир, любовь и жизнь" ат қойылып, айдар тағылыпты. Бұл ұсынысқа бірден келісім берген Backstreet Boys жігіттері ағылшын және орыс тілінде қатар айтылғалы отырған әннің жаңа нұсқасын жазу үшін Парвиз Назаровты өз елдеріне шақырған. Трек пен бейнеклип түсіріліміне Парвиз Назаровпен бірге оның ұлы Тимур, Арни мен Рико есімді жас музыканттар да қатыстырылатын болады. "Бұл клип өте қарапайым жағдайда түсіріледі. Ән айтушылар қара фонда бір бірін алмастырып, кезек-кезегімен шығып отырады. Брайан мен Эй Джей кадрде кеудесін жалаңаштап түссе, топтың басқа мүшелері футболкамен түсетін болады. Бұл клипке түсу маған және менің қасымда болатын жігіттер үшін аса қиындық туғыза қоймас деп ойлаймын. Себебі, түсірілім аяқталғаннан кейін мен барлық көріністерді бір біріне үйлесетіндей етіп қойып шығамын", - дейді әнші. Парвиз Назаров Backstreet Boys тобының жігіттерімен танысқанына, олармен шығармашылық байланыс орнатқанына қуанышты екенін жасырмады. "Бір қуанатыным мен өз идеям мен тұжырымнамамды түсіндіре алдым. Олар біз жіберген әуеннің орысша үлгісін тыңдап, мақұлдады. Бір айдан кейін бірлескен бейнекөрініс дайын болады деп ойлаймын", - деді Парвиз Назаров.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.74  course up  546.26  course up  5.17  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer