Президент Роза Рымбаеваны марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Роза Рымбаеваны марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны марапаттау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны марапаттау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жалғасы

"Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Рымбаева Роза Қуанышқызы - "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы.

Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы - "Жезқазғантүстімет" ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы", - делінген Президенттің қаулысында.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 498.46  course up  589.08  course up  6.48  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети