Қайрат Нұртастың 160 әніне арналған Kairosh - Shazam қосымшасы жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртастың 160 әніне арналған Kairosh - Shazam қосымшасы жасалды ©vk.com/akn_hit

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың 160 әніне арналған Kairosh - Shazam қосымшасы жасалды. Бұл жайында Yvision.kz блог-тұғырында хабарланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың 160 әніне арналған Kairosh - Shazam қосымшасы жасалды. Бұл жайында Yvision.kz блог-тұғырында хабарланды. 

Kairosh қосымшасын Nazarbayev University студенті Санжар Асқарұлы дайындаған екен. Ол Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі екен, сонымен қатар, оның Astana Startup Weekend 2014 жүлдегері екені де хабарланды. "Білуімізше Shazam немесе SoundHound сервистерінде қазақстандық орындаушылардың базасы жоқ, сондықтан өзіміздің Shazam-ды жасау керек болды", - дейді блог авторы Арман Сүлейменов.

Оның айтуынша, сервистің бірінші нұсқасында тек Қайрат Нұртастың әндерін тануға мүмкіндік болады, ал кейін қазақстандық эстраданың барлық әнін тануға мүмкіндік жасалады. Блог авторының айтуынша, бұл қосымша келесі апта ішінде App Store-да пайда болады.

Сонымен қатар, блог авторы қазақстандық 12 жаңа қосымшаны тізген. Олардың қатарында Kelin қосымшасы да бар. Оның айтуынша, бұл қосымша болашақта келін болатындар мен келін болып үлгергендер үшін өте қажет. Бір қызығы, қосымшада қыздың қай өңірдің келіні екенін анықтауға болатын тест, ас мәзірлері, арнайы ұғымдар үшін келін-сөздік, сонымен бірге, барша қазақ келіндерінің аноним түрде берген кеңестері бар. Қосымшаның авторы - Дидара Пернебаева, Nazarbayev University студенті. 

Қосымшалардың ішінде Bulbul да бар. Бұл қосымша қазақстандық музыкасүйер қауымға арналған. Онда танымал орындаушылардың әндері, бейнебаяндары, мәтінді жаттауға арналған тест, концерттер күнтізбесі және жұлдыздарға сұрақ қою мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта Bulbul қосымшасында қазақстандық 14 орындаушының шамамен 250 әні бар: Ғалымжан Молданазар, Жанар Доғалова, Әли Оқапов, Ернар Айдар, Қайрат Нұртас, Қайрат Баекенов, Алтынай Жорабаева, Бүркіт пен Айша, Нұржан Керменбаев, Rin’go, KZ тобы, Мәдина Сәдуақасова, Роза Рымбаева, Маржан Арапбаева. Bulbul қосымшасының авторы - Аян Тажібаев, Brown University магистранты. Қосымшаның App Store-да осы апта ішінде пайда болатыны жазылған.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети