Қазақстан әншісі Молдовада өткен байқауда І орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан әншісі Молдовада өткен байқауда І орын алды Фархад Мәденов. Фото жеке мұрағатынан

Қазақстан әншісі Фархад Мәденов Кишиневте өткен Doua inimi gemene ("Егіз жүрек") XII халықаралық конкурсында І орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан әншісі Фархад Мәденов Кишиневте өткен Doua inimi gemene ("Егіз жүрек") XII халықаралық конкурсында І орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыка байқауы ұлы композитор Ион Алдя-Теодорович пен оның зайыбы, белгілі әнші Дойна Алдя-Теодоровичті еске алуға арналды. Байқау талабы бойынша әр сайыскер Ион Алдя-Теодорович репертуарынан бір шығарма мен өзінің туған тілінде бір ән орындауы керек болды.

Қазақстандық орындаушы композитордың Lartă-mă ("Кешір мені") әнін шырқауды ұйғарған. "Бұл әннің мағынасы - өмірде сүйікті әйеліңді анаңнан артық қойғаның үшін кешірім сұрау туралы. Маған бұл ән қатты ұнады, оны бар жан-тәніммен орындауға тырыстым. Молдова халқына менің орындауым қатты ұнады", - деді Мәденов. 

Халықаралық байқаудың бас жүлдесі үшін 14 елдің өкілі бақ сынады, оның ішінде, Ұлыбритания, Австрия, Литва, Румыния, Грузия, Ресей және Молдова орындаушылары мықты болды. Фархад Мәденов музыка фестивальдерінде тұңғыш рет лауреат болып отырған жоқ. Ол жуырда ғана "Қазақстанның алтын дауысы" атағын алған, сонымен бірге, Лас-Вегаста өткен "Хрусталь магнолия" атты жас орындаушылардың ХІХ халықаралық музыка конкурсында жеңімпаз атанды.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети