07 сәуір 2022 | 09:00

"Qazaqstan дауысы" байқауына қатысқан 11 жастағы бала көпшілікті тәнті етті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерханның ұстазы Қалбибі Алпысбайқызы ұсынған сурет Шерханның ұстазы Қалбибі Алпысбайқызы ұсынған сурет

"Qazaqstan дауысы" байқауына қатысқан Шерхан Арыстанның байқаудағы видеолары Желіде тарап, көпшілікті тәнті етті. Ол көрмей тыңдау кезінде төрт тәлімгерді де бірден қаратты. Жас әнші мықты харизмасымен, келбетімен, ерекше болмысымен бәрін таңғалдырды. Tengrinews.kz тілшісі жас өнерпаз Шерхан Арыстанмен сөйлесіп, байқау барысындағы қызық жайттар туралы сұрады.


Иконка комментария блок соц сети

"Qazaqstan дауысы" байқауына қатысқан Шерхан Арыстанның байқаудағы видеолары Желіде тарап, көпшілікті тәнті етті. Ол көрмей тыңдау кезінде төрт тәлімгерді де бірден қаратты. Жас әнші мықты харизмасымен, келбетімен, ерекше болмысымен бәрін таңғалдырды. Tengrinews.kz тілшісі жас өнерпаз Шерхан Арыстанмен сөйлесіп, байқау барысындағы қызық жайттар туралы сұрады.

Желі қолданушылары Шерханның өнеріне сүйсініп, түрлі пікір жазған:

Тамаша дауыс! Өзі сымбатты! Дәл осылай ән шырқайтындар аз.

Талабыңы нұр жаусын, балапан!

Дауысы мықты. Тәп-тәтті сондай.

Сахнада еш қорықпай еркін ұстағаны қандай әдемі. Даусы адамды сүйсіндіреді.

Сырт келбеті ерекше, маған ұнайды.

Арқам қозып отыра алмадым. Билеп алдым. Жарайсың! Биіктерден көріне бер!

Көресіңдер, осы бала көтеріліп кетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? және Шоу бизнес жаңалықтары (@qaz_stan)

Шерхан - 11 жаста. Ол Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында тұрады.

Шерханның айтуынша, вокалдан бөлек домбыраға да қатысады. Сондай-ақ, ол басқа қандай жарыстарға қатысқанын әңгімелеп берді.

"2020 жылы республикалық "Айгөлек" балалар байқауына қатыстым, ал 2021 жылы Бішкекте өткен байқауда гран-при иелендім. Сол жылы "Бозторғай" байқауында гран-при алдым", - деді кішкентай өнерпаз.

Шерхан неге Жұбаныш Жексенұлын таңдадың деген сұраққа былай деп жауап берді:

"Түс көрдім. Түсімде Жұбаныш ағамен үлкен сахнада ән айтып тұр екенмін. Сол кезде төрт тәлімгер де бұрылды. Осылайша, Жұбаныш Жексенұлын таңдауды шештім. Оның өнері, әні, сахнадағы өз-өзін ұстауы ұнайды. Қазір ол маған ән айтуды үйретіп жатыр", - деді жас әнші.

Әжесі Алтынгүл Мажанованың айтуынша, ол 4 жасында немересінің ән айту қабілеті бар екенін байқап, өзі вокал студиясына апарған.

Әжесі ұсынған отбасылық суреттер

Сонымен қатар, әжесі бұған дейінгі байқауда болған қызық оқиғаны айтып берді.

"Шерхан 8 жасында "Ақ көгершін" байқауына қатысты. Келбеті, шашы қыз балаға ұқсайтын болғасын, жүргізушілер бишілер тобына қосып жіберіпті. Баламды іздеп таба алмай қалдым. Сөйтсем, бишілер тобына қосылып кетіпті", - деді ол.

Ол "Qazaqstan дауысы" байқауына қатысуға ұсыныс түскенін, кейін ұстазымен бірге осындай шешім шығарғанын айтты.

Шерханның ұстазы Қалбибі Алпысбайқызы да баланың ерекше дарыны туралы пікір білдірді.

"Шерханның вокалға қатысқанына жеті жыл болды. 4 жасында келді. Жеті жыл көлемінде бірнеше конкурстың лауреаты болып үлгерді. Ол вокалға келгенде, бала сияқты ойнамайтын. Сабаққа келгенде, мені зерттейтін еді. Мен ауызды қалай ашу керек, қалай тыныс алу керек, қандай техникасы бар, бәрін үйретіп жатқанда, зерттеп, бақылап отыратын. Вокалға, әнге құштар болды. Естуі, дикциясы бәрі күшті. Өзі дүние күйіп кетсе де, вокалдан ешқашан қалмайды", - деді Шерханның ұстазы.

  

Шерхан Арыстанның "Qazaqstan дауысы" байқауына қатысқан сәтінен суреттер   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети