Қазақстандық әнші "Славян базары" байқауында бірінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші "Славян базары" байқауында бірінші орын алды

Халықаралық "Славян базары" байқауында "Әмре" деген лақап атпен өнер көрсеткен қазақстандық әнші Ернар Садырбаев жоғары балға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің продюсері Жан Мұқановқа сілтеме жасап.

Байқаудың нәтижесі бойынша, отандасымыз 156 балл жинады. Румынияның намысын қорғаған өнерпаз да осындай балл алды. Алайда, әділ қазылар алқасының төрағасы Александр Морозовтың шешімімен Гран-при Румынияға берілді. Бірінші орын Қазақстанға, екінші орын Украинаға, ал үшінші орын Польша мен Беларусь елдеріне берілді.

"Витебскіде өткен "Славян базары 2018" халықаралық байқауында бірінші орынға ие болған Әмреге 15 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Әділ қазылар алқасының шешіміне қатысты түрлі пікір айтып, дауласуға болады, бірақ менің көңілім толды, өнерпаздың да. Мұндай, ауыр вокалдық байқауда бірінші орын алу, менің ойымша, өнерге енді қадам басқан әртіс үшін жетістік. Қазақстандық делегацияға және әлеуметтік желі арқылы қолдау көрсеткендердің барлығына жын жүректен алғыс айтамын. Біз әлемдік музыка аңыздарынан ең жоғары баға алдық, олар: Р.Рымбаева, А.Морозов, Р.Лоретти, В.Гришко, М.Качмарек және өзгелер", - деді Жан Мұқанов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети