Қазақстандық Ninety One тобының әні түрік чартында бірінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Ninety One тобының әні түрік чартында бірінші орын алды Ninety One тобы

Қазақстандық Ninety One тобының "Қайтадан" деп аталатын жаңа синглы TMB телеарнасының түрік чартында бірінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. TMB (Turkish Music Box) шығыс музыкасының жаңа хиттерін тарататын телеарна. 

Айта кетейік, "Қайтадан" композициясы 6 күн ішінде 300 мыңнан аса көрілім жинапты. Қазіргі уақытта роликті 1,4 миллион рет көрген. 

Қазақстандық поп-топ 2014 жылы құрылып, Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал болып үлгерді. "Айыптама" деп аталатын бірінші сингл 2015 жылдың 1 қыркүйегінде шықты. Ұжым кореялық поптың Қазақстандағы негізін қалаушысы саналады. Осы топ жаңадан Q-pop (Qazaq pop) бағытын ашып отыр. Продюсері - "Орда" тобының солисі Ерболат Беделхан. 

Топ танымалдығымен қатар қоғамда дау туғызып, қарсыластарын тауып үлгерген. Қазақстан шоу-бизнесінің бірнеше өкілі бұл жанрға, мәнерге және бағытқа қарсы болып, өткір мәлімдемелер жасаған да еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети