Қазақстандық жас өнерпаз Меладзе мен Лободаны тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жас өнерпаз Меладзе мен Лободаны тәнті етті видеодан үзінді

Орал қаласының тұрғыны ресейлік "Дауыс. Балалар" телебағдарламасында қазылар алқасын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қаласының тұрғыны ресейлік "Дауыс. Балалар" телебағдарламасында қазылар алқасын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

11 жастағы Ержан Максим Бірінші арнадағы "Дауыс. Балалар" байқауына қатысты. Оның өнер көрсеткендегі сәті жобаның ресми Youtube-каналында жарияланды. Ержан Андреа Бочеллидің Ama credi e vai әнін орындады. 

Қазақстандық жас өнерпаз байқаудың қазылар алқасын (Светлана Лобода, Пелагея және Валерий Меладзе) тәнті етті. Үшеуі де қазақстандыққа бұрылып, алған әсерімен бөлісті. Ержан Максим жетекші ретінде Меладзені таңдады. 

"Ал, қымбатты менің инстадостарым, ақырында, кімнің командасына өткенімді білдіңіздер. Алдымызда көптеген жұмыстар бар, сондықтан "жекпе-жек" кезеңінде бағымды сынайтын боламын", - деп жазды Ержан Instagram-дағы аккаунтында.

Осыған дейін, Ержан Максим және тағы төрт қазақстандық жас өнерпаз ресейлік "Дауыс. Балалар" тележобасының кастингінен өткені хабарланған еді. Ержан - Қазақстандағы Junior Eurovision 2018 байқауына іріктеуге қатысушылардың бірі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети