Рэпер 50 Cent өзін банкрот деп жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рэпер 50 Cent өзін банкрот деп жариялады ©Caribbeannewsservice.com

Америкалық танымал рэпер 50 Cent өзін банкрот деп жариялады, - деп хабарлайды The Wall Street Journal.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық танымал рэпер 50 Cent өзін банкрот деп жариялады, - деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Кертис Джеймс Джексон III (шын есімі) АҚШ Кодексінің 11-тарауы - банкроттығы жайлы құжат тапсырды. Коннектикут штатының Хартфорд қаласында берілген сот құжаттарында әрқайсысы 10 миллионнан 50 миллион долларға дейін бағаланған бірнеше активі мен қарыздары айтылады.  

Әртістің адвокаты болса әзірше бұл ақпаратқа түсінік берген жоқ, алайда алқа сотының рэперді порновидео үшін бір әйелге 5 миллион доллар төлеуге міндеттегеннен кейін бірнеше күн өткенде өзін банкрот деп жариялағаны айтылады.

Lenta.ru басылымының мәліметінше, 10 шілдеде сот 50 Cent Флорида тұрғыны Ластония Левистонға оның қатысуымен болған үй порносын жариялағаны үшін моральдық өтемақы төлеуі туралы қаулы шығарды. Рэпер бұл видеоның Интернетке жүктелуіне арызданушы әйелдің бұрынғы бойфренді Рик Росстың айыпты екенін дәлелдей алмады. 

Айта кетейік, Левистонның қатысуымен болған порновидео Интернетте 2009 жылы пайда болды және рэпердің қорлап, мазақтаған даусымен жарияланды. Бейнебаян 4 миллионнан астам рет көріліп, әйелді суицидке итермеледі.

2014 жылы Forbes баслымы әртістің байлығын 140 миллион долларға бағалап, рэп-индустриядағы табысты музыканттардың бестігінен орын берген еді. Рэпердің бірнеше компаниясы бар, оның ішінде промоутерлік бокс агенттігі, инвестициялық қор бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети