05 қараша 2014 00:45

Ресей әншісі Валерия қазақстандық "Мария Магдалена" хитіне биледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Түнгі студия" бағдарламасының эфирі. ©kaztv.kaztrk.kz "Түнгі студия" бағдарламасының эфирі. ©kaztv.kaztrk.kz

Танымал әнші, Ресейдің халық әртісі Валерия қазақстандық "Мария Магдалена" хитіне биледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ресей эстрадасының жұлдызы "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасының қонағы болды.


Танымал әнші, Ресейдің халық әртісі Валерия қазақстандық "Мария Магдалена" хитіне биледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ресей эстрадасының жұлдызы "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасының қонағы болды.

Тележүргізушілер Нұрлан Қоянбаев пен Ярослав Мелехин әншіге түрлі сұрақтар қойып, сұхбат өрбітті. Әнші Қазақстанның аймақтарында болған сәттері туралы айтып берді. Жүргізушілер әншіге еліміздің белгілі өнер қайраткерлері мен спортшыларының суретін көрсетіп, олардың қандай сала маманы екенін табуды ұсынды. Валерияның интуициясы жаңылыстырмады.

Белгілі әнші студияда Қазақстанда хитке айналған "Мария Магдалена" әніне билеп те берді. Бұдан соң ол өзінің "Мы боимся любить" атты әнін орындады.

Ұлттық арнаның мәліметінше, ресейлік әнші бұған дейін бір сұхбатында қазақ еліне келуге құштар екенін айтқан. "Сүйікті тыңдарман, қарапайым халықпен жүздесіп шығармашылық шабыт аламын", - деген әнші.

Айта кетейік, "Мария Магдалена" әнін ақтөбелік Асхат Тарғынов орындайды. Ол бұл әннің бейнебаянында "Магдалена" сөзін алып тастағанымен, көпшілік одан алғашқы нұсқаны орындауды талап етеді. Әншінің айтуынша, ол қазір Ресейдің бірқатар өңірінде өнер көрсетіп жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети