Ресей өнерпаздары "Евровидение" саясатсыз өтеді деп үміттенеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей өнерпаздары "Евровидение" саясатсыз өтеді деп үміттенеді Настя мен Маша Толмачевалар. ©Ntv.ru

"Евровидение - 2014" байқауына Ресейдің атынан қатысушы апалы-сіңлілі Настя мен Маша Толмачевалар музыка бәсекесі саяси жанжалдарсыз өтеді деп үміттенеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Евровидение - 2014" байқауына Ресейдің атынан қатысушы апалы-сіңлілі Настя мен Маша Толмачевалар музыка бәсекесі саяси жанжалдарсыз өтеді деп үміттенеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 

"Біз саясатқа қатысты жайттарға түсінік бермейміз. Оның бізге әсте қатысы жоқ. "Евровидение" - музыкалық байқау. Ол саяси жанжалдардан тыс жағдайда өтеді деп үміттенеміз", - дейді Толмачевалар байқаудың ресейлік pre-party-і кезінде. 

Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары ағылшын журналисі Уильям Ли Адамстың байқауда Толмачевалар орындайтын әннің сөзіне байланысты елең еткізетін мәлімдеме жасағанын хабарлаған еді. Адамстың айтуынша, Shine аталатын әнде Ресей мен Украина арасындағы қатынасқа емеурін бар. Атап айтқанда, екінші шумақтағы Living on the edge, closer to the crime - cross the line a step at a time деген жолдардағы the crime ("қылмыс") Crimea ("Қырым") болып естіледі.

Кейбір музыка сыншылары "Евровидениенің" ұйымдастыру комитетінен Ресейді байқаудан аластатуды сұрап отыр. Ұйымдастырушылар әзірше ешқандай пікір білдірген жоқ.

Shine әнінің авторлары - Димитрос Контопулос, Джон Баллард, Ральф Чарли және Джерард пен Джеймс Борг. Композитор - РФ халық әртісі Филипп Киркоров. Настя мен Маша Толмачевалар Копенгагенге сәуірдің 27-сінде аттанып, репетицияға кіріседі. Еске сала кетейік, "Евровидение - 2014" байқауы Данияның астанасында 6-10 мамыр аралығында өтеді. Биылғы байқауға 37 мемлекет қатысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети