Ресейлік рэпер өрттен қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік рэпер өрттен қаза тапты

Ресейлік Bad Balance хип-хоп тобының қатысушысы Роман Купер Алексеевтің Санкт-Петербургтегі пәтерінде өрт шығып, рэпер қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік Bad Balance хип-хоп тобының қатысушысы Роман Купер Алексеевтің Санкт-Петербургтегі пәтерінде өрт шығып, рэпер қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Купер (Роман Алексеев) арамыздан кетті... 23 мамырда Купер Петербургтің Выборгский ауданындағы өртте өртеніп кетті. Онымен бірге анасы Людмила қаза тапты. 25 мамырда сот-медициналық сараптама болады. Купер әлі тірі деген үмітіміз бар...", - деп жазылған топ сайтында. 

Купер - Bad Balance тобының мүшесі, DA 108 тобының бұрынғы қатысушысы, жеке рэп-орындаушы. 

"Купердің "ЙЯ" атты жеке альбомы шыққан, оның бірегей рэп-стилі бар, "Питер - Я Твой" атты өлмейтін хиттің пайда болуына қатысқан", - деп жазылған хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети