23 сәуір 2022 10:00

"Ретро FM" плейлисті: актер Максим Акбаров тыңдайтын әндер

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Максим Акбаров - 2000-жылдардағы жанға жайлы музыканың тыңдарманы. Әртіс Tengrinews пен Ретро FM үшін жастық шағыңыздағы әуенді еске түсіріп қана қоймай, көңіл-күйіңізді көтеретін плейлист тізімін жасады.


Максим Акбаров - 2000-жылдардағы жанға жайлы музыканың тыңдарманы. Әртіс Tengrinews пен Ретро FM үшін жастық шағыңыздағы әуенді еске түсіріп қана қоймай, көңіл-күйіңізді көтеретін плейлист тізімін жасады.

Алматыда 107,5 FM немесе Нұр-Сұлтан мен елдің басқа қалаларында 104,5 FM толқындарында Ретро FM радиосын тыңдаңыздар.

John Paul Young – Love Is In The Air 

Жеңіл, ырғақты және таңғаларлықтай көңілді Love Is In The Air - "Махаббат ауада сезіледі" әні 1978 жылы жазылғаннан бері фильм-сериалдардан бастап чипс жарнамасы мен үйлену тойындағы алғашқы биге сүйемелдеу үшін қолданылады. Айта кетейік, оның орындаушысы - танымал аустралиялық поп-әнші Джон Пол Янг. Ол әлемдік деңгейдегі осы жалғыз хитінің арқасында танымал.

Edith Piaf – Non, Je Ne Regrette Rien 

"Жоқ, ештеңеге өкінбеймін", - дейді франциялық әйгілі Эдит Пиаф алғашқы жолдан-ақ өз ұстанымын танытып. 1956 жылы жазылған әннің сөзі әншінің өмірінен алынған деректерге сүйенеді. Оның тағдыры баянды болмағаны белгілі - балалық шағы аштықпен, жастық шағы қиындықтармен өткен. Алайда соғыстан кейінгі уақыт Пиаф үшін бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен кезең болды. Non, Je Ne Regrette Rien осы кезеңдегі шығармашылығында лайық орын алды.

Александр Розенбаум – "Вальс-бостон"

Әндер мен өлеңдер авторы, музыкант Александр Розенбаум композицияны өз карьерасындағы ең маңызды әрі халыққа тараған хиттер қатарына жатқызады. Розенбаумның айтуынша, музыкадағы джаз ноталарына қарамастан, ән көпшілікке ұнаған. Музыкант бұл шығарманы досының Ленинградтағы пәтерінде қалай жазғанын да айтқан: үйінде қонуға қалған әнші ерте оянып, фортепианоға отырып, "Вальс-бостонды" жазған.

Scatman John – Scatman (Ski-Ba-Bop-Ba-Dop-Bop) 

Скэтмен Джон, шын аты Джон Пол Ларкин - америкалық джаз музыканты әрі ақын. Ол скэт пен еуродэнсті біріктіретін ерекше музыка стилін жасаған. Караокеде өте сирек тапсырыс берілетін Scatman әні музыканттың өміріндегі қызық дерекке байланысты туындаған. Бала кезінен Джон кекеш болды, оның орындау тәсілі - осы ерекшелігінің нәтижесі. Сонымен қатар, Скэтмен трек сәтті шығып "ең үлкен проблемасын ең пайдалы сапаға айналдыру" деп атаған.

"Иванушки Int." - "Тучи"

Керемет, ал ең маңыздысы - 90-жылдардың ортасында және 2000-жылдарда орыс эстрадасындағы басты ерлер тобының сапалы поп-хиті. Бүгінде сену қиын болуы мүмкін, бірақ "Туч" мәтінінің авторының айтуынша, әнде алғашында басқа музыка болған. Ал әнді Юрий Шатунов орындауы керек еді. Алайда "Иванушки" орындауында трек Ресейдің "ХХ ғасырдың 100 үздік әні" тізіміне енді, ал топ осы композициямен "Жыл әні - 96" байқауында өнер көрсеткенде "болашақ келгендей" әсер сыйлаған.

"Отпетые мошенники" - "Люби меня, люби"

Ерлерден құралған трионың бүкіл шығармашылығында ерекшеленетін әуезді қайырмасы бар лирикалық рэп-баллада шын мәнінде күтпеген тандемге байланысты сәтті шықты. "Отпетые мошенники" тобының әнін әйгілі рок-музыкант және композитор, "Агата Кристи" тобының музыканты Александр Козлов жазған. Ол сол кездің өзінде-ақ хитмейкер болғандықтан, бұл әуенді оңай жазып шыққан. Оның дыбыстарын естігеннен-ақ бәрі "Скоро весна, скоро весна, скоро эти ночи беспокойного сна", - дей бастайды.

Bomfunk MC’s - Freestyler

Bomfunk MC’s - финляндиялық электрон топ, оның басты хип-хоп хиті өміршең Freestyler болды. Бұл әннің әуені мен сөздері күрделі сюжет бойынша түсірілген бейнебаяннан алыстамайды. Видеода бас кейіпкер метрода бір түрлі адамды - топ солисі Раймонд Ибэнксті кезіктіреді. Ол бас кейіпкердің плееріне ғажап күш бітіреді, енді ол уақытты басқара алады. Сол кезде жасөспірім қызық қуып, пойыздарды, өтіп бара жатқандарды, бишілерді, жалпы уақытта ілгері-кейін шегереді. Бейнебаянның соңында брейк-дансерлер ортасына түседі, бірақ, амал не, мұнда сиқырдың күші жоқ екен.

2Рac feat Dr.Dre – California Love

California Love - аты аңызға айналған рэпер Тупак Шакурдың "Rolling Stone журналының нұсқасы бойынша барлық кезеңдегі әйгілі 500 ән" тізіміне енген жалғыз трегі. Бұл - Тупак Шакурдың All Eyez on Me әнжинағындағы алғашқы сингл, оның кейбіріне Dr. Dre продюсерлік еткен. Көпшілікті ерекше жазғы көңіл-күйге бөлеген ән ұзақ уақыт бойы Billboard Hot 100 диаграммасында көш бастады, нәтижесінде бірнеше мәрте Grammy-ге ұсынылды.

Hi-Fi - "Про летo"

"Ветер босоногий, чувства через край, мне все надоело - лето подавай. Вот опять ромашка в маленькой руке и похожий на зайца сидит на потолке" - Hi-Fi тобының жазғы биге арналған тағы бір хиті. Қатысушылар әннің бейнебаянын мүмкіндігінше динамикалық етіп түсіргісі келген. Сондықтан оны жаттығу залында түсірген. Онда топтың әр мүшесі кәсіби спортшылардың жаттығуларын бақылап, әртүрлі спорт түрінен өздерін сынап көрген.

Adriano Celentano - Susanna

Атақты актер, әнші, композитор, қоғам қайраткері және тележүргізуші Адриано Челентано өзінің баянсыз махаббаты туралы кекесінмен айтатын ән. Сюжетте кейіпкер өзінің сүйіктісін Портофинода кездестіреді, содан кейін оны Сан-Тропеге апарады, ал ақша таусылғанда, қыз зергерлік бұйым сатушымен қашып кетеді. Шын мәнінде, Челентано жеке өмірінде өте бақытты, 2014 жылы актриса Клаудия Моримен алтын тойын атап өтті.

"Ретро FM" плейлисті: Ғалымжан Молданазардың сүйікті әндері

"Ретро FM" плейлисті: Ерлан Көкеев қандай ән тыңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: актер Евгений Жұманов не тыңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: Әлішер Елікбаев қандай әндерді таңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: Рашид Сүлейменовке қандай әндер ұнайды?

"Ретро FM" плейлисті: Ерден Телемісовтің сүйікті әндері

"Ретро FM" плейлисті: режиссер Асқар Ұзабаев не тыңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: актер Шыңғыс Қапиннің сүйікті әндері

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети