Сәкен Майғазиев Жүргенов атындағы өнер академиясының проректоры болып тағайындалды

04 Желтоқсан, 22:43
0

Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының проректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оқу орнының ректоры Асхат Маемиров ректоры Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін біздің академияның оқытушылық-профессорлық құрамына жаңа проректорымды таныстырдым. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және xалықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев тағайындалды. Еліміздің мәдени кеңістігінде өз орны, өз жолы бар тұлға, кәсіби өнер шебері ретінде Сәкен Қордабайұлы жаңа қызметте абырой биігінен көрініп, ғылыми-шығармашылық салада сан асуларды бағындыратынына сенемін! Біздің мемлекетімізде қарапайым азаматтарға талант, кәсібилік, шеберлік, еңбекқорлық, тынбай ізденістің арқасында биік белестерді бағындыруға болатынына Сәкен Майғазиевтің өмірі мен өнер жолы - жарқын үлгі. Үлкен отбасының тоғызыншы перзенті өнер әлеміндегі барлық асуларды өзінің мақсатшылдығы мен еңбекқорлығы арқылы бағындырды. Білім алу жолында - колледж, академияда бакалавр, магистратура, докторантура секілді баспалдақтардан өтті. Сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында "Мөлдір моншақтар" деп ән әуелеткен өнерге ғашық, мөлдірлік пен тазалыққа жаны іңкәр жас талант Сәкен мен Қазақстанның айтулы қайраткер азаматы Сәкен Майғазиевтің арасында жиырма жылдан астам уақыт төгілген маңдай тер, тынымсыз жұмыс, ізденіс, кәсіби шеберліктің ізі жатыр. Әкенің аманатына адал ұл, Ананың аяулы перзенті ретінде Сәкен Қордабайұлы - тек бір әулеттің ғана емес, ел мақтанышына айналған азамат! Өзі де өнегелі отбасының иесі. Сәкен - әрқашан да мәртебең үстем болсын!", - деп жазды Маемиров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін біздің академияның оқытушылық-профессорлық құрамына жаңа проректорымды таныстырдым. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және xалықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев тағайындалды. Еліміздің мәдени кеңістігінде өз орны, өз жолы бар тұлға, кәсіби өнер шебері ретінде Сәкен Қордабайұлы жаңа қызметте абырой биігінен көрініп, ғылыми-шығармашылық салада сан асуларды бағындыратынына сенемін! Біздің мемлекетімізде қарапайым азаматтарға талант, кәсібилік, шеберлік, еңбекқорлық, тынбай ізденістің арқасында биік белестерді бағындыруға болатынына Сәкен Майғазиевтің өмірі мен өнер жолы - жарқын үлгі. Үлкен отбасының тоғызыншы перзенті өнер әлеміндегі барлық асуларды өзінің мақсатшылдығы мен еңбекқорлығы арқылы бағындырды. Білім алу жолында - колледж, академияда бакалавр, магистратура, докторантура секілді баспалдақтардан өтті. Сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында "Мөлдір моншақтар" деп ән әуелеткен өнерге ғашық, мөлдірлік пен тазалыққа жаны іңкәр жас талант Сәкен мен Қазақстанның айтулы қайраткер азаматы Сәкен Майғазиевтің арасында жиырма жылдан астам уақыт төгілген маңдай тер, тынымсыз жұмыс, ізденіс, кәсіби шеберліктің ізі жатыр. Әкенің аманатына адал ұл, Ананың аяулы перзенті ретінде Сәкен Қордабайұлы - тек бір әулеттің ғана емес, ел мақтанышына айналған азамат! Өзі де өнегелі отбасының иесі. Сәкен - әрқашан да мәртебең үстем болсын! @saken_maigaziyev 04.12.2018

Публикация от Askhat Mayemirov (@askhatmaemirov)

Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев 1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) Созақ ауданында дүниеге келген. 2001 жылдан бері МузАРТ ансамбльінің солисті. 2013 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай