Салыстыруға келмейтін дарын иесі - Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергенов жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салыстыруға келмейтін дарын иесі - Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергенов жайлы Димаш Құдайбергенов © instagram.com/kudaibergenov.dimash

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қытайда I Am a Singer байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергеновті салыстыруға келмейтін дарын иесі әрі ерекше музыкант деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қытайда I Am a Singer байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергеновті салыстыруға келмейтін дарын иесі әрі ерекше музыкант деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазір біз Димаш Құдайбергеновке опералық бағдарлама әзірлеп жатырмыз, ол симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындауды жоспарлап отыр. Димаштың болашақта әлемдік сахналарда бұдан да зор жетістіктерге жететініне сенімдімін, сол кезде біз мақтанышпен "Иә, бұл біздің Димаш Құдайберген!" деп айтатын боламыз. Ол ерекше музыкант, салыстыруға келмейтін дарын иесі", - деп жазды министр.

Еске салайық, қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer музыкалық байқауына қатысқаннан кейін бұл елде танымал болды. Көптеген БАҚ отандасымыз туралы жазып жатқаны жайлы да ақпарат тараған еді.

Димаш Құдайбергенов телешоудың бірінші кезеңінде SOS d'un terrien en détresse әнін француз тілінде орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әнші қатысып жатқан конкурста 14 кезең бар. Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Келесі кезеңнің қорытындысы 28 қаңтарда шығады. Келесі кезеңде ол Ресейдің әйгілі әншісі Витастың ең күрделі саналатын "Опера 2" композициясын орындайды. Алайда бұл туралы хабарлаған әнші өзін Витаспен салыстырмауды сұраған болатын.  Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен "Екінші Витас" емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!..", - деп жазған еді әнші Instagram желісінде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети