17 наурыз 2017 | 00:57

Сати Казанова жаңа альбомында қазақша әндер айтатынын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ресейлік белгілі әнші әрі жүргізуші Сати Казанова Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік белгілі әнші әрі жүргізуші Сати Казанова Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ол Астанадағы бағдарламаға бірінші рет қатысып тұрған жоқ. Ол елордаға әлеуметтік жобалар бойынша келген. "Бұл жас аналар академиясын қолдау мақсатында Ксения Безугловамен арнайы жоба. Сонымен қатар, йога бойынша семинарлар өткізіп, бірнеше кездесулер мен түсірілімдерге қатысамын", - деді ол. 

Жүргізушімен сөйлесу барысында жоспарында екі альбом шығару бар екенін айтты. Сонымен қатар, "Сати этника" жобасы да бар. "Бұл жобада этникалық әуендер болады, оның ішінде қазақ әндерін қосу ойымда бар, мүмкін бірінші альбомға емес, бірақ екінші не үшіншілеріне міндетті түрде қосамын. Егер сізде қазақтың ескі әрі әдемі әуендері болса жіберіңіз, мен оны қуана орындаймын. Мен өзім білетін қазақ тіліндегі екі ән бар, бірақ мен басқа да нұсқаларды қарауға дайынмын", - деді әнші. 

Казанова қазақ тілінде әндерді орындау тәжірибесі бар екенін айтты. Ол өзінің "До рассвета" әнін Астанада өткен Муз ТВ премиясында қазақ тілінде орындаған болатын. Сонымен қатар, ол Мәскеуде Comedy club шоуында осы әннің қазақша нұсқасының қайырмасын орындап бергенін айтты. 

Еске слайық, 2016 жылы 28 қарашада Қазақстан Президенті "Қазақстан" телеарнасының "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды. Бағдарламаның Instagram желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысының және шоу жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың суреттері пайда болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети