02 наурыз 2022 | 11:02

"Сені көп күттім". Меруерт Түсіпбаева жеке өміріндегі жаңалықты айтып, оқырмандарын қызықтырып қойды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

@meruert_tusupbaeva парақшасынан алынған сурет @meruert_tusupbaeva парақшасынан алынған сурет

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында өміріндегі жаңалықтың бір ұшын айтып, оқырмандарын қызықтырып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында өміріндегі жаңалықтың бір ұшын айтып, оқырмандарын қызықтырып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол алғыс айту күніне орай анасын, баласын, оқырмандарын құттықтады. Сонымен қатар, "жүрегінің ішіндегі жүрегіне" алғыс айтты.

"Үшінші кезекте - менің жүрегімнің ішіндегі жүрегіме… Күнім, рақмет…. Дер кезінде пайда болып, сүреңсіз сұр өмірімді, ең ашық, ең әдемі бояуларға бояғаның үшін…." - деді ол.

Әнші оны көптен күткенін жазды.

"Сені көп күттім. Сүреңсіз, сұр өміріме (көп нәрсе жалған болды....) оралғаның үшін және оны түрлі бояумен әрлегенің үшін рақмет.... Саған ризамын... Бәрі үшін!" - деді әнші желідегі жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Желі қолданушылары әншінің жаңалығына пікірлерін білдіріп, бақыт тіледі.

"Ешқашан қартаймайтын Меруерт Түсіпбаева"

"Меруерт ханымды көрсем, күшті киініп, әдемі болып жүргім келіп тұрады". "Қыздайсыз"

"Өзі сұлу, өзі нәзік, өзі қайсар, жүрегі кең, көктемнің бәйшешек гүліндей құлпырған @meruert_tusupbaeva. Сізге мың алғыс, халықтың ерке қызы. Басыңыздан бақ таймасын. Балаңыздың қызығын көріңіз. Жүрегіңіздің ішіндегі жүрегіңіз екеуіңіз бақытты ғұмыр кешіңіздер. Әрқашанда осындай сұлу күйіңізде жайнап жүре беріңіз"

Көңілің көктемдей құлпырып, жүрегіңнің ішіндегі жүрегіңмен бақытың баянды болсын! Бақытты болуға әбден лайық, тамаша жансың!

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "музыкалық театр актері" мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың класын бітірген. 1996 жылдан жеке шығармашылықта. Алғашқы некесінен Нұрғиса есімді ұл тәрбиелеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети