"Сендей-ақ болсын". Димаш Imanbek-ті құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сендей-ақ болсын". Димаш Imanbek-ті құттықтады Imanbek/Димаш Құдайберген

Әнші Димаш Құдайберген Иманбек Зейкеновті (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясына алған "Грэмми" (Grammy) жүлдесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Димаш Құдайберген Иманбек Зейкеновті (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясына алған "Грэмми" (Grammy) жүлдесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алтын бауырым, үлкен жеңісің құтты болсын! Өз талантыңмен біздің халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың!!! Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса сендей-ақ болсын!Шаршама, талма, самға! Жарайсың", - деді Димаш Құдайберген Instagram-да.

Еске салайық, "Грэмми" басты музыкалық жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек жеңімпаз атанды.

Танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Музыканттың айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети