05 мамыр 2015 | 12:24

Шетелде Батырхан Шүкеновтің туған күнінде оны еске алу кештері өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шетелде Батырхан Шүкеновтің туған күні, 18 мамырда оны еске алу кештері өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шетелде Батырхан Шүкеновтің туған күні, 18 мамырда оны еске алу кештері өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Идея авторы, Қытайда білім алып жатқан студент қыз Әнел Базылованың айтуынша, ол мұндай мүмкіндікті әлеуметтік желіге жазған. "Мен Батырды еске алу үшін Қазақстан мен посткеңестік елдердегі жастардың басын қосқым келді. Бірақ менің идеямды осынша адам қолдайды деп ойлаған жоқпын. Басқа қалалардағы қазақстандық студенттер де қосылды. Барлығы қолдау көрсетті. Қазір бізге кештер өтетін Гуанчжоудағы, сондай-ақ Пекиндегі жастар жауап берді", - дейді Базылова.

Оның айтуынша, студенттер Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" әнін теңіздің жағалауында орындамақ. "Барлығы бір түсті киім киеді. Біздегі кейбір жастар әнді өте жақсы айтады, сондықтан олар акапелланы бастайды. Біз қосыламыз. Қолымызда Батырдың суреті болады. Қазір біздің бәрімізге бұған сену қиын..сондықтан әр адам Батырды босатудың өзіндік жолын іздеп жүр. (...) Ол бізге көктен қарап, күлімдейді. Сондықтан біз Отан туралы әнін теңіздің жағалауында орындағымыз келеді, аспанға бір елі жақын болып, көзіміздегі жасты сығып алып, кумирымызды босатқымыз келеді. Соңында шарларды ұшырамыз", - дейді студент қыз.

Студенттердің тағы бір ойы - Батырхан Шүкеновтің дауысы жазылған видео үзінділерді дайындау. "Біз сонымен қатар, видеоға Батырдың өз дауысын қойғымыз келеді, сонда ол бізбен бірге ән салып тұрғандай әсер қалдырады", - деді Әнел Базылова.

Айта кетейік, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің туған күні, 18 мамырда Республика Сарайында концерт өткізу жоспарланып отыр. 

Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі 1 мамырда, бір кездері әнші шығармашылық жолын бастаған Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтті.

Батырхан Шүкенов мансап жолын белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2014 жылы "Живой звук" шоуының жеңімпазы атанды, ал 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып, көшбасшылар қатарынан көрініп жүрген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети