Видеоблогер Darmen Nurdaulet шетелдіктердің қазақстандық әндерді тыңдағандағы әсері қандай болатыны жайлы видеоролик түсірді. YouTube хостингіне жүктелген видео бірнеше күннің ішінде 90 мыңға жуық көрілім мен мыңдаған пікір жинаған.
Видеоблогер Darmen Nurdaulet шетелдіктердің қазақстандық әндерді тыңдағандағы әсері қандай болатыны жайлы видеоролик түсірді. YouTube хостингіне жүктелген видео бірнеше күннің ішінде 90 мыңға жуық көрілім мен мыңдаған пікір жинаған.
"Бүгін менде қонақта Хамза мен Бэйл болды. Хамза - Франция азаматы, ал Бэйл - Англия азамаматы. Олар мына қазақстандық әндерді тыңдап шықты: 1. Ninety One - "Қайтадан" 2. Ayumi - "Сен емес пе" 3. Moldanazar - "Өзің ғана" 4. Димаш Құдайбергеннің "I am a Singer" байқауында орындаған әні", - деп жазған автор.
Автордың айтуынша, Хамза киностудияда жұмыс істейді және күнделікті фильмдер түсіреді. Сонымен қатар, ол би мектептерінің бірінде хореограф болып жұмыс істейді. Ал Бэйл SMM саласында қызмет етеді екен. Ол жұмыстарын YouTube хостингіне жүктеп, соны желіде дамыту бойынша жұмыстар істейді.
Осылайша, қазақстандық жұлдыздардың бейнебаяндарын тыңдап отырған қонақтарға Ғалымжан Молданазардың бейнебаяны мен Димаш Құдайбергенннің даусы ұнапты.
"Жақсы түсірілген. Біз музыкалық аспаптарды тыңдаймыз. Музыка мен бейнебаяннан эмоция алып отырмыз. Тамаша сюжет. Голливудта мұндай дүниені ойлап таба алмайтын адамдар бар. Олардың айтуынша, бейнебаянда ең маңыздысы онда түсіп жатқан адам. Ал мына жігіт болса, идея менен кейін туғанын қалаймын", - деді Хамза мен Бэйл "Өзің ғана" бейнебаянын көре отырып.
"Ол қобалжып тұрған адамға ұқсамайды. Өзін өте еркін ұстап тұр. Нағыз талант. Ол күні бойы осылай ән айта алатынын көрсеткісі келіп жатыр. Өте дарынды әнші", - деді орындаушылар Димаштың "Опера № 2" әнін тыңдай отырып.