Үндістандық TikTok пайдаланушылар арасында қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні танымал болды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үндістандық TikTok пайдаланушылар арасында қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні танымал болды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үндістан тұрғындары қазақ тіліндегі әнге 25 мыңнан аса видео түсірген. Олардың ең қызығын Instagram желісінде qumash_kz парақшасы жариялады.
"Енді Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні үндістандық "Тиктокта" хитке айналды. Тек ол жақта оны Nah na ney деп атайды", - делінген жазба астында.
Кейбір дерекке сүйенсек, бұл әнге роликті әлеуметтік желіде алғаш болып мотоцикл жүргізушісі Muhammed Roshan есімді пайдаланушы жариялаған. Қазір оның 600 мыңға жуық оқырманы бар. Блогер видеода түрлі трюк жасайды.
Қазақстандықтың әніне осы уақытқа дейін 25 мың TikTok-видео түсірілген.
"Үнділердің көбі қазақ тілінде әнді айтуға тырысады. Кейбірі жақсы айтады", - деп жазды пост авторлары.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!