"Славян базары-2016" байқауында қазақстандық әнші екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Славян базары-2016" байқауында қазақстандық әнші екінші орын алды

Қазақстанның атынан шыққан әнші Adam Витебскте өткен "Славян базары-2016" халықаралық байқауында екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның атынан шыққан әнші Adam Витебскте өткен "Славян базары-2016" халықаралық байқауында екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Adam финал болған күні Sam Smith I'm Not The Only One әнін орындап, 78 ұпай жинады, ал екі күннің қорытындысы бойынша 155 ұпайға қол жеткізді. Осылайша, Беларусьтен келіп, байқаудың жеңімпазы атанған Алексей Гросстан қазақстандық 2 ұпай ғана қалып қойған. Жеңімпазды ресми түрде жариялау рәсімі 18 шілдеде өтті. Екінші орын иеленгені үшін қазақстандыққа 15 мың доллар табыс етілді. 

Adam өз сұхбатында әлемдік хитті бұдан да жақсырақ айта алатынын мәлімдеген, алайда оған қатты қобалжу кедергі болған. Әнші байқаудың соңы осылай аяқталғанына разы екенін жеткізді. Халықаралық байқаудың қазылары: Валерий Леонтьев, Наталья Могилевская, Нағима Есқалиева және Александр Тихонович.

Айта кетейік, 2015 жылы "Славян Базары" байқауында Қазақстанның намысын Димаш Құдайбергенов қорғаған. Ол байқаудың жеңімпазы атанып, Қазақстанға тұңғыш рет Гран-приді алып келген. 2016 жылы Димашты концерттік бағдарламаға ресми түрде шақырған. Ол онда "Опять метель" компазициясын орындаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети