14 шілде 2014 11:20

"Славян базары-2014" байқауында қазақстандық әнші әзірше 6-орында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мархаба Сәбиева. Фото байқаудың ресми сайтынан алынды. Мархаба Сәбиева. Фото байқаудың ресми сайтынан алынды.

Витебскіде өтіп жатқан "Славян базары-2014" ән байқауына Қазақстанның атынан қатысқан 23 жастағы Мархаба Сәбиева екі күннің нәтижесі бойынша алтыншы орында тұр, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz.


Витебскіде өтіп жатқан "Славян базары-2014" ән байқауына Қазақстанның атынан қатысқан 23 жастағы Мархаба Сәбиева екі күннің нәтижесі бойынша алтыншы орында тұр, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz.

Байқаудың алғашқы күні Мархаба Лариса Долинаның орындауындағы "Махаббат пен жалғыздық" ("Любовь и одиночество") атты әнін орындап, 86 балл жинады, екінші күні әнші қыз Бейонсенің Halo әнін орындап, 87 балға ие болды. "Славян базары-2014" байқауының көшбасшысы әзірге  Мексиканың өкілі Родриго де ла Кадена (186) болып тұр. Екінші орында - Молдованың әншісі Виталие Негруца (179), үшінші орында - украиналық әнші қыз Вероника Дорош (177).

Үшінші күні байқауға қатысушылар өз елдерінің хиттерін орындайды. Жеңімпаздар 14 шілде күні салтанатты түрде марапатталады. Қазылар алқасында Ирина Билык (Украина), Ядвига Поплавская (Беларусь), Лили Иванова (Болгария), Александр Рыбак (Норвегия),  "Грэмми" жүлдесінің иегері Марлоу Росадо (США), Толқын Забирова (Казахстан) секілді белгілі музыканттар мен орындаушылар бар. 

Айта кетейік, жас әнші Мархаба Сәбиева - "Қазақстан Дауысы" вокалдық байқауының қатысушысы. Оның тәлімгері Мәдина Сәдуақасова болған еді.  

Былтырғы "Славян базары" байқауында Қазақстанның атынан Бердібек Құлғараев бақ сынаған еді. Ол жетінші орын мен арнайы жүлдені иеленген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети