Беларусьте 1992 жылдан бері өтіп отыратын "Славян базары" байқауына соңғы 9 жылда Қазақстан өнерпаздары үздіксіз қатысып келе жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Беларусьте 1992 жылдан бері өтіп отыратын "Славян базары" байқауына соңғы 9 жылда Қазақстан өнерпаздары үздіксіз қатысып келе жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Славян базары" конкурсы деңгейлес "Жаңа толқын" байқауына қарағанда сәтті өтіп жүр. Ересектер арасындағы бәсекеде Қазақстан қоржынында бір гран-при, 3 үшінші орын мен арнайы жүлде бар.
Биыл Димаш Құдайберген осы байқауда бас жүлдені иеленді. Жас әнші дауыс ырғағының арқасында қазақтың Витасы атанып кетті.
2014 жылы "Славян базары" конкурсында "Қазақстан дауысы" конкурсының қатысушысы Мархаба Сәбиева өнер көрсетті. Ол үш күннің қорытындысы бойынша үшінші орын алды.
Одан бір жыл бұрын бұл сайысқа әнші Бердібек Құлғараев қатысты, ол "Славян базарының" арнайы жүлдесіне ие болды.
2012 жылы Қазақстаннан "Славян базарына" X-Factor жобасының жеңімпазы Дария Габдулл қатысты. Дегенмен ол жүлделі орыннан көрінбеді. Айта кетейік, бұл жылы қазылар алқасының құрамында Батырхан Шүкенов болды.
2011 жылы әнші Әлішер Кәрімов конкурста үшінші орынды иеленді.
2010 жылы қатысқан Динара Сұлтан да үшінші орын алды. Сонымен қатар, ол жеке альбомын жаздыруға сертификат ұтып алды.
2009 жылы еліміздің атынан "Қазақстан дауысы" жобасының жартылай финалына өткен, "Изумруд" тобының экс-солисі шықты. Ол "Мир" телерадиокешенінің арнайы жүлдесіне ие болды.
2008 жылы конкурсқа шымкенттік Сая Сейтімова қатысты. Ол ширек финалға өте алған жоқ.
Әнші Алтынай Жорабаеваның туған інісі - Талғат Жорабаев 2007 жылы осы конкурсқа қатысты. Ол да жүлдегерлер қатарынан көрінбеді.