"SOS d'un terrien en détresse" әнін алғаш орындаған Даниель Балавуанның әпкесі Димаштың даусына баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"SOS d'un terrien en détresse" әнін алғаш орындаған Даниель Балавуанның әпкесі Димаштың даусына баға берді © C8

Атақты француз әншісі Даниель Балавуанның әпкесі I Am a Singer конкурсында Димаш Құдайбергеновтың "SOS d'un terrien en détresse" әнін қалай орындағанына баға берді. Клэр Балавуан өз әсерін C8 арнасы арқылы білдірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атақты француз әншісі Даниель Балавуанның әпкесі I Am a Singer конкурсында Димаш Құдайбергеновтың "SOS d'un terrien en détresse" әнін қалай орындағанына баға берді. Клэр Балавуан өз әсерін C8 арнасы арқылы білдірді.

 "Құдайым-ау! Оның табиғат берген дарыны бар, Даниельдікіндей. Даниель де бар бітімімен шырқаушы еді. Әрине, бұл өзге әнші, өзге тарих, бірақ, бұл орындау ғажап. Бұл балада әнге толық беріледі. Ол сондай жас болғанмен, орындауы ерекше. Таланты зор. Бұл жігіттің француз тілінде ән салғаны қандай тамаша", -  дейді ол. 

Әнші, композитор және әндердің авторы Даниель Балавуан "SOS d'un terrien en détresse" әнін алғаш орындаған адам. Ол сегіз альбом жазып үлгерген, соңғысы миллионнан аса мөлшерде тараған. Балавун 33 жасында жол апатынан қаза болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети