Сот Бритни Спирсті 14 жылға созылған әке қамқорлығынан босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Бритни Спирсті 14 жылға созылған әке қамқорлығынан босатты Фото ©REUTERS

Лос-Анджелес соты Бритни Спирсті әкесінің 14 жылға созылған қамқорлығынан босатты. Бұл туралы TMZ және Fox News арналары отырыс аяқталғаннан кейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лос-Анджелес соты Бритни Спирсті әкесінің 14 жылға созылған қамқорлығынан босатты. Бұл туралы TMZ және Fox News арналары отырыс аяқталғаннан кейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Енді Бритниге және оның қаржысына қамқорлық қажет емес (...) бұл осымен тоқтайды", - деді Лос-Анджелес округінің судьясы Бренда Пенни.

Бұған дейін әнші әкесін оның қаржылық және жеке істерін жан-жақты бақылауға мүмкіндік беретін қамқоршы құқығын теріс пайдаланады деп айыптаған болатын.

АҚШ-та бұны тоқтату үшін "Бритниді босату" қозғалысы да басталды. Бритни Спирс сот шешімінен кейін бұл өміріндегі ең керемет күн екенін айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Britney Spears (@britneyspears)

Джейми Спирс 2008 жылдан бері қызының өмірінің көптеген бөлігін басқарып келді, себебі сол кезде сот Бритнидің психологиялық проблемалары мен балаларына қамқорлығын жоғалтуына байланысты әкесіне қамқорлық берген. Атап айтқанда, қызы тапқан барлық ақша мен оның қаржыға байланысты шешімдері Джейми Спирстің толық бақылауында болды. Ол, сонымен қатар, жеке өміріне де бақылау алды. Әнші әкесінің шығындарын, оның ішінде осы режимін сақтауды талап еткен адвокаттарына да ақша төлеуге мәжбүр болды.

Әншінің байлығы шамамен 60 миллион долларға бағаланады, оның ішінде 2,7 миллион қолма-қол ақша және 56,3 миллион инвестиция мен жылжымайтын мүлкі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети