Шымкентте ТҮРКСОЙ камералық оркестрінің концерті өтті

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ТҮРКСОЙ камералық оркестрінің концерті өтті

Шымкентте Түрксой камералық оркестрінің концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Түрксой камералық оркестрінің концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үшінші мегаполис тұрғындары мен қонақтары Түркі кеңесінің 10 жылдығына орай ұсынылған ТҮРКСОЙ жастар камералық оркестрінің концертін тамалашады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған концертте түркі халықтарының белгілі композиторларының шығармалары орындалды.

Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда өткен кеште отандық және шетелдік өнерпаздар өнер көрсетті. Оның ішінде Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Ренат Салаватов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Анвар Акбаров, Әзірбайжан елінен келген халықаралық байқаулардың лауреаты Мұстафа Мехмендаров оркестрге дирижерлік жасады.

Бүгінге дейін құрамында 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестр бұл жолы танымал композиторлардың шығармаларын ғана емес, жастардың да туындыларын көпшілікке ұсынды. Атап айтсақ, оркестр құрамындағы өнерпаз Біржан Мыңбаевтың "Илигай" тақырыбындағы орындауы көптің көңілінен шығып, қошеметке ие болды. Жастардың өнері тыңдармандарды ерекше тебірентті.

Кеш соңында жас өнерпаздарға қала әкімі Ерлан Айтахановтың ықылас гүлі табысталды. Өз кезегінде ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Алматыдағы өкілі Асқар Тұрғанбаев Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Ырзақұлұлына аталған ұйымның Алғыс хатын табыс етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети