Талдықорған "Солнышко" үлгілік хореографиялық ансамблі "SUMMER TALENT LEAGUE -2017" халықаралық фестивалі өткен Испаниядан жеңіспен оралды. Лоррет де Маре жобасы әлемнің 10-нан аса елінің өкілдерін қарсы алып, түрлі жанрдағы ірі конкурсқа өткізді. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникация қызметінің брифингінде қалалық Оқушылар сарайының "Солнышко" хореографиялық ансамблінің жетекшісі Татьяна Манойло айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Италияда өткен фестивальға шақырту алғанбыз. Бірақ сол кезде қаражат жетіспеушілігінен сапарға шыға алмадық. Ал биыл ұжымымыз облыс әкімі Амандық Баталов көрсеткен толықтай қаржылай қолдауының арқасында Испаниядан түскен шақыртуға бара алдық. Сондықтан да артылған үмітті ақтау үшін бар өнерімізді көрсетуге тырыстық. Халық биі аталымында біздің қыздар абсолют жеңімпаз атанып, гран-при жеңіп алып, Испанияны бағындырды", - дейді Татьяна Матвеевна.
Халықаралық фестиваль Лоррет де Маре қаласының бас алаңында қатысушылардың шеруімен басталды. Бос уақытында қатысушыларға Барселона қаласына қызықты экскурсия ұйымдастырылып, көңіл көтеру бағдарламасы жасалды, сондай-ақ, зияткерлік ойындар ұсынылды.
Конкурсты фестивальмен біріктіру концепті конкурста бақ сынап, өзгелерден тәжірибе алып, экскурсияға қатысып, елмен танысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, шеберлік дәрістеріне қатысып, бірігіп өнер көрсетіп, флешмобтарға, викториналарға және дискотекаларға қатысып, халықаралық шараның атмосферасын сезінуге мүмкіндік ашылады", - деп атап өтті Оқушылар сарайының директоры Ләззат Есболова.
Айта кетейік, қазылар алқасының құрамына Испания, Латвия, Ресей, Грузия, Қазақстан және өзге елдердің мәдениет қайраткерлері кірді. Гран-при жеңіп алған ансамбль Грузияда өтетін халықаралық фестивальге қатысуға шақырту алды. Сонымен қатар, ұжым елге кубок қана емес, түрлі дипломдар, медальдар, оның ішінде "ең әдемі костюм" үшін алған жүлделер бар.