Танымал әнші Димаш Құдайберген Сочиде жұртты тәнті етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram/kudaibergenov.dimash © instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Сочидегі "Новая волна" атты байқауда бірінші рет өнер көрсетті. Әнші 5 қыркүйекте өткен Олимпиада саябағындағы New Wave Hall сахнасында A-Studio концертіне қатысып, кезінде Батырхан Шүкенов орындаған "Грешная страсть" атты әнді айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Сочидегі "Новая волна" атты байқауда бірінші рет өнер көрсетті. Әнші 5 қыркүйекте өткен Олимпиада саябағындағы New Wave Hall сахнасында A-Studio концертіне қатысып, кезінде Батырхан Шүкенов орындаған "Грешная страсть" атты әнді айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Өнер көрсеткен видеосын Димаш Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған. "Ресейге қонақ болып бардым, "Новая волна" байқауының қонағы болып қайттым. Барлық көрермен мен жанкүйеріме алығыс айтамын. Әуежайда өте қонақжай қарсы алып алды. Осындай құрмет көресетіп жатқандарыңыз үшін рақмет. Батырхан аға әрдайым біздің жүрегімізде", - деп жазды әнші. 

Димаш әнін айтып біткеннен кейін жанкүйерлері сахнаға қолындағы бір шоқ гүлімен ұмтылды. Залдағы көрермендер орнынан тұрып ду қол шапалақ соқты. Сондай-ақ оларға қазылар алқасының мүшесі Игорь Крутой мен әнші Ани Лорак та тұрып қошемет көрсетті. 

"Бұл көріністі Басков көргенде ғой. Коляның жүрек талмасы ұстайтын еді", - деп күлді байқаудың жүргізушісі Тимур Родригез. Концерт аяқталғаннан кейін Димаш Құдайберген A-Studio тобының музыканттарына алғысын айтып, өскелең ұрпаққа дұрыс музыкалық бағыт беріп келе жатқаннын айтты. 

Еске сала кетейік, қазақстандық танымал әнші Сочиге келмей тұрып, оның суреті қаладағы билбордтарға ілінген еді. Ал әуежайда ол үшін арнайы би шоуы ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Халықаралық "Новая волна" атты байқауы Сочиде 4 және 9 қыркүйек аралығында өтеді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer