08 қыркүйек 2018 09:32

Танымал рэпер есірткі салдарынан 26 жасында қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық хип-хоп орындаушы Мак Миллер 26 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі TMZ порталына сілтеме жасап.


Америкалық хип-хоп орындаушы Мак Миллер 26 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі TMZ порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Малкольм Джеймс МакКормик (шын аты-жөні) Калифорния штатының Сан-Фернандо қаласындағы үйінен өлі табылған, онда есірткіні мөлшерден тыс пайдалану белгілері бар.

Мак Миллер көп жылдар бойы есірткі тәуелділігімен күрескен, бұл туралы ол әнші Ариана Грандемен ажырасқаннан кейін белгілі болды. Сонымен қатар, ол 2012 жылы "үйден шыға алмайтын нашақор болғанша, ақ нәсілді қарабайыр рэпер болуым керек еді. Есірткіні көп мөлшерде қолданып өлсең, тарихқа кірмейсің. Жай ғана өліп қаласың", деген мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, 25 шілдеде әнші Деми Ловато героинды көп мөлшерде қолданғанының кесірінен ауруханаға түсті. Ол өлім аузында жатқан. Жағдайы бір қалыпқа түскен соң Ловато үйге қайтпай, сауықтыру курсынан өтуді қалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети