Танымал әнші әрі блогер сүйіктісімен бірге қаза тапты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әнші әрі блогер сүйіктісімен бірге қаза тапты

Ыстамбұлда өрт салдарынан танымал блогер, әнші, актер Омре Озкан сүйіктісімен бірге қаза тапты, - деп хабарлайды Teleprogramma.pro тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұлда өрт салдарынан танымал блогер, әнші, актер Омре Озкан сүйіктісімен бірге қаза тапты, - деп хабарлайды Teleprogramma.pro тілшісі. 

Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын болған. 25 жастағы әртіс ғашығымен жалдамалы студияда отырғанда өрт тұтанған. Қыз Ыстамбұл техникалық университеті консерваториясының студенті болған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт электр құралдарының бұзылуынан шыққан. Ал жалын бөлмеге тарап бастағанда жастар ұйықтап жатқан. Олардың денесі тек таңертең табылды. 


© Hurriyet

Омре Озкан YouTube хостингіндегі арнасын белсенді дамытып жүрген. Оған 350 мыңнан аса адам тіркелген. Ол арнасында түрлі тақырыптарға әзіл-сықақ бейне түсіріп, түріктің атақты адамдарын жиі күлкі қылатын. Соңғы видеоларының бірін "Фенербахче" түрік футбол командасына арнап түсірген.  

Жеті жылдан бері өмір сүріп келе жатқан Озканның арнасы 130 миллион қаралым жинап үлгерді. Сонымен қатар, блогердің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасын 140 мың адам оқиды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети