Tengri FM ұлттық радиостанциясы 3 қазан күні Алматыдағы "Достық Плаза" сауда - ойын-сауық орталығында Туваның көмей әншісі Радик Тюлюштің концертін ұйымдастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengri FM ұлттық радиостанциясы 3 қазан күні Алматыдағы "Достық Плаза" сауда - ойын-сауық орталығында Туваның көмей әншісі Радик Тюлюштің концертін ұйымдастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
The Spirit of Tengri жобасы шеңберіндегі думан жаңа мультимедиялық форматта өтеді. Ұйымдастырушылар дәстүрлі этникалық сарындарды клубтың прогрессивті, электронды дыбыстауымен жарастырады. Тувалық музыкантты қазақстандық белгілі диджей Нариман Исенов сүйемелдейді. Tengri FM кеш қонақтарын этникалық әуендер мен табиғаттың сан алуан дыбыстарының ғаламат атмосферасына батыруға уәде береді. Концерт таңғажайып визуалдық көркемдіктерге толы Space галереясында өтеді.
Tengri FM радиостанциясының креативті директоры Сергей Майборода концертті өткізуге бұл музыканттың таңдалу себебін түсіндірді. "Ол - көмеймен ән орындаудың әлемге әйгілі қас шебері. Оның концерті ғажайып визуалдық думан болады, себебі галерея ерекше көркемдік шешімдермен безендірілген. Егер сіз оны көрмеген болсаңыз, Van Gogh Alive мультимедиялық көрмесін тамашалап алуға кеңес береміз, ол әлі болып жатыр", - дейді Майборода.
Еске сала кетейік, The Spirit of Tengri фестивалінде Радик Тюлюш көмей әуені мен ұлттық аспаптарының үнін ұсынған болатын. Оның вокалының ерекшелігі - ол бір мезетте бірнеше нотаны ала алады. Ол Tengri FM эфирінен өткен "Акустика. Живой звук" бағдарламасының арнайы шығарылымының қонағы да болған еді.