22 қазан 2014 | 16:14

TengrinewsTV "Астана Операда" болатын "Травиата" операсын онлайн көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қойылымға дайындық. ©astanaopera.kz Қойылымға дайындық. ©astanaopera.kz

"Астана Опера" театрында Италияның көрнекті композиторы Джузеппе Вердидің "Травиата" операсының премьерасы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 22 қазаннан 24-іне дейінгі үш күн ішінде премьералар TengrinewsTV-де тікелей көрсетіледі. 


Иконка комментария блок соц сети

"Астана Опера" театрында Италияның көрнекті композиторы Джузеппе Вердидің "Травиата" операсының премьерасы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 22 қазаннан 24-іне дейінгі үш күн ішінде премьералар TengrinewsTV-де тікелей көрсетіледі. 

Қойылымның негізгі партияларын Ресей әншісі Ирина Лунгу (Виолетта партиясы), италиялықтар Винченцо Костанцо (Альфред партиясы) мен Симоне Пьяццолла (Жермон ролі) орындайды. Дирижер - Франческо Иван Чампа. Кейінгі күндері негізгі партияларды "Астана Опера" театрының жетекші солистері орындайтын болады.

"Травиата" операсының сюжеті кіші Александр Дюманың "Шайшөп ұстаған ханым" романынан алынған. Верди операсының кейіпкері - қоғамнан шеттетілген әйел. Композитор Виолеттаның адамгершілігі мен жан дүниесінің сұлулығын көрсетеді, бұл жағынан бас кейіпкер қарапайым орта өкілдерінен ғана емес, Жорж Жермон сияқты ізгі ақсүйектер арасында да биік тұрады. Спектакль тұңғыш рет 1853 жылдың 6 наурызында Венециядағы Ла Фениче театрында қойылған. 

Айта кетейік, өз заманында негізгі әйел партиясын опера примадонналары Аделина Патти, Роза Понсель, Рената Тебальди, Монсеррат Кабалье, Тереза Стратас, сондай-ақ, қазақ операсының жарқын жұлдыздары Роза Жаманова, Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Жаннат Бақтай, Жәмила Баспақовалар орындады.

Спектакльдер "Астана Операда" 19.00-де басталады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети