24 ақпан 2014 | 18:07

The Best Asian Man байқауында қазақстандық екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ардак Алекешев.жеке мұрағатынан Ардак Алекешев.жеке мұрағатынан

Мәскеуде жылда өтетін The Best Asian Man-2014 сымбаттылар мен дарындылар байқауында қазақстандық Ардақ Әлекешев екінші орынды иеленді, деп хабарлайды, Tengrinews.kz. Ардақ Мәскеудің ең беделді дыбыс жазу студиясында ән жазуға, бейнебаян түсіруге мүмкіндік алды. 20 жастағы Ардақ Әлекшев Көкшетаудың тумасы. Бүгінде ол Синьцзянь университетінде эстрадалық вокал факультетінде білім алуда. Дарынды жас жігіт өте ерекше дауыс иесі, оның дауысын көпшілік ресейлік әнші Витаспен салыстырып жатады. Бұған дейін Ардақ "Славян базары", "Күншуақ" байқауларының жеңімпазы атанған. The Best Asian Man-2014 байқауының бас жүлдесі алтайлық Тимур Кыдыковқа бұйырды. Бұл жас жігіт биші әрі актер. Сондай-ақ ол ұлттық аспаптарда ойнайды және оның тамақпен ән салу өнері де бар. Көрермен көзайымы атағына қалмақ баласы Илья Сусьянов лайықты деп танылды. The Best Asian Man сымбаттылар мен дарындылар байқауы осымен Мәскеуде үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға 18 бен 25 жас аралығындағы түр-келбеті азиялық жас жігіттер қатыса алады. 23 ақпан күні байқау қатысушылары өз мемлекеттерінің атынан өнер көрсетті. Естеріңізге сала кетсек, былтыр біздің отандасымыз осы байқауда "Азияның ең зияткер жігіті" атағын жеңіп алса, 2012 жылы қазақстандық жігіт "Қыз жүрегін жаулаушы" атағын иеленген еді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети