Тываның "Хуун-Хуур-Ту" тобы мен америкалық DJ Carmen Rizzo The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалінде өнер көрсетеді. Музыкалық іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен 23-24 маусымда "Бәйтерек" монументінің алдыңдағы алаңда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тываның "Хуун-Хуур-Ту" тобы мен америкалық DJ Carmen Rizzo The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалінде өнер көрсетеді. Музыкалық іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен 23-24 маусымда "Бәйтерек" монументінің алдыңдағы алаңда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Хуун-Хуур-Ту" тобының әндері тывалық фольклор мен дәстүрлі көмеймен ән айту өнерін сіңірген. Олар ән айтқан кезде адамдар ерекше әсер алады. Музыканттар тыңдармандардың музыканы өзгеше қабылдауына да әсер етеді. The Spirit of Astana 2017 фестивалінде олар америкалық DJ Carmen Rizzo-мен бірге өнер көрсетеді. DJ Carmen Rizzo "Грэмми" жүлдесінде екі рет номинация жеңіп алған.
"Сәлем! Бұл мен Carmen Rizzo. Сіздерге мына видеоны Лос-Анджелестен жолдап отырмын. Келесі аптада EXPO-2017 көрмесінің аясында өткізіліп жатқан The Spirit of Astana фестиваліне қатысуға келемін. Бұл жолы тывалық достарым - "Хуун-Хуур-Ту" тобымен бірге өнер көрсетемін. Біз осыған дейінгі бағдарламалардан өзгеше шоу дайындап қойдық. Қуаныштымын. Қазақстан халқын, сіздердің мәдениеттеріңізді жақсы көремін. Қазақстанға қайтып келуге қуаныштымын. Келесі аптада көрісеміз", - деді Carmen жолдаған видеосында.
Айта кетейік, көмеймен ән айту мен электрондық музыка осыған дейін Алматыда өткен The Spirit of Tengri фестивалінде бірнеше рет орындалған болатын.
"The Spirit of Tengri фестиваліміз бесінші рет өтті, мұның ендігі мемлекеттік жоба екендігін сездік. Сондықтан осы мерейтойды Астанада атап өтетініміздің өзіндік нышаны бар. Елордаға жетіп, қала әкімдігімен бірлесіп, арнайы бағдарлама жасадық. Осы күндері EXPO-2017 өтеді, мұнда көптеген қонақ келеді. Оларға біздің фестиваль де ұнайды деп сенемін", - деген еді осыған дейін The Spirit of Tengri фестивалінің және "Жұлдыз FM" мен Tengri FM радиостанцияларының бас продюсері Жан Қастеев.
Биыл фестиваль сахнасына 14 музыкалық ұжым шығады: Geo Train (Грузия); DJ Carmen Rizzo (АҚШ); Huun Huur Tu (Тыва); Namgar (Бурятия); Ljubojna (Македония); Motiva Zenekar (Венгрия); Argymak (Башқұртстан); Инна Желанная (Ресей); Tamikrest (Мали); Steppe Scape (Тыва/Бурятия/Германия); Еділ Хусаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Барабаны Алматы" (Қазақстан); Tigrahaud (Қазақстан): DJ Нариман Исенов , DJ Роман Бажанов, DJ Рустам Оспанов, DJ Арсен SuperFly (Қазақстан).
The Spirit of Astana фестивалі 23-24 маусым күндері "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді. Концерт 17.00-де басталады, кіру тегін. Сахна өнер көрсететін музыканттарды алаңның жан-жағынан көруге мүмкіндік беретіндей орналасады. Сахнаның екі жағында үлкен Led-экрандар да қойылады, осы экрандар арқылы көрермендер шоудың қызықты тұстарын мүлт жібермей тамашалай алады.
Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry сауда желісі.
Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.