02 маусым 2018 | 22:25

"The Spirit of Tengri әлемге Алматының бірегейлігі мен алуандығын паш етеді" - Байбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек The Spirit of Tengrі ашылуында Алматы әкімі Бауыржан Байбек The Spirit of Tengrі ашылуында

Сенбі, 2 маусым күні кешке Алматы қаласындағы Республика Сарайының алдында орналасқан Абай алаңында VI Халықаралық заманауи этникалық The Spirit of Tengri музыка фестивалі басталды. Фестивальдің ашылу салтанатында қала әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенбі, 2 маусым күні кешке Алматы қаласындағы Республика Сарайының алдында орналасқан Абай алаңында VI Халықаралық заманауи этникалық The Spirit of Tengri музыка фестивалі басталды. Фестивальдің ашылу салтанатында қала әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мың бояулы керемет Алматымызда басталған алтыншы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің ашылуында Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Осымен алтыншы жыл біздің қаламыз түрлі мәдениетті, дәстүрді, шығармашылық пен шабытты топтастырған мекен болып отыр. Біз Ұлы даланың мұрасын мәңгі жалғастырамыз. Заманауи музыка, тек қазақтың емес, бүкіл түркі халықтарының, Алтай, Сібір, тіпті өзге құрлықтағы халықтардың музыкасы тамырын терең жайды. Ең биік тау Жетісу бекерге Алматының жанында емес, ұлы шыңдардың бірі Тянь-Шань, Хан Тәңірі аталады.

Шығыс халықтарының дүниетанымына тәңірлік циклдік немесе қазақ ұлттық күнтізбесі зор ықпал етті. Биыл Орталық демалыс және мәдениет саябағында осы күнтізбеге арналған сәулет формасын орнатамыз. The Spirit of Tengri фестивалі Алматының ең жарқын халықаралық мәдени жобаларының қатарына кіреді, ол музыка әлемінде брэнд болып қалыптасты. Ол әлемге Алматының бірегейлігін, алуандығын, Қазақстанның ықыласы мен қонақжайлығын паш етеді", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі: "Жыл өткен сайын фестивальға қатысушылардың географиясы мен репертуары кеңейіп келеді. Осы уақытқа дейін әлемнің 40 елінен, 4 құрлықтан өнерпаздар қатысты. Алматыға келгендері үшін және өнерлерімен қуантқандары үшін қонақтарымызға алғыс айтамын. Қонақтарымыздың арасында музыка әлеміндегі беделді Songlinemagazine басылымының редакторы Куни Пьер мырзаны, белгілі продюсер, Babel Med форумының негізін қалаушы Сами Садак мырзаны көргенімізге қуаныштымыз.

Осы жобаны ұйымдастырып, жоғары деңгейге жеткізген ұйымдастырушыларға алғысымды айтқым келеді және арнайы "Алаш Медиа Групп" холдингінің бас директоры, осы керемет мәдени жобаны ұйымдастыру комитетінің басшысы Батыр Қазыбаевқа.

Шара сағат 17.00-де басталды, кіру - тегін. Дәл қазір сізді көпарналы дыбыспен сапалы онлайн-трансляция күтеді, оны Tengrinews.kz сайтынан және The Spirit of Tengri жобасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалауға болады. Трансляцияға мына сілтеме бойынша қосылыңыз. 

Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry желісі. Tez Tour Kazakhstan тур операторы да қолдау білдіреді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақ үйі қарсы алады. Фестивалге техникалық қолдау білдіретін - KZ Sound компаниясы.

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақ пен көрермен қамтылды. Оның сахнасында 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.  

Еске сала кетейік, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети