11 маусым 2015 | 08:55

The Spirit of Tengri фестивалі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Николай Колесников ©Николай Колесников

6 және 7 маусымда Алматыда өткен халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қолданушылар фестиваль көрермендерінің көңіл-күйі мен 11 елдің музыканттары қойған қойылымдардың ерекшелігін атап өтті.


Иконка комментария блок соц сети

6 және 7 маусымда Алматыда өткен халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қолданушылар фестиваль көрермендерінің көңіл-күйі мен 11 елдің музыканттары қойған қойылымдардың ерекшелігін атап өтті.

Кәсіпкер әрі публицист Бекнұр Кисиковтың айтуынша, бұл фестиваль осыған ұқсас шаралардың эталоны болды. "Бақсылардың сиқыры әр елдің корреляцияланған рогымен этноджазға ұласты. Фестиваль әншілердің ғажайып дауысының түрлі аспаптармен үндесуімен ерекшеленді. Барлық музыканттар ұнады. Жасыл желектің иісі мен жаздың самалы, көмеймен айту, экзотикалық аспаптар, музыканттардың шынайылығы мен фестиваль аудиториясы Азия Дауысын еске салды. Таулы Шориядан келген Чылтыстың диджей Нариман Исеновпен көрсеткен өнері ерекше болды. Нариманның айтуынша, шориялықтар небары 13000 ғана. Әсем әуен адамдарды пайдакүнем заманнан құтқарады. Жан Қастеевке осындай фестивальді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Spirits of Tengri is the best", - деді Кисиков Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазақстандық режиссер ақ-қара суреттерден фотогалерея жасады. Суреттер The Spirit of Tengri фестивалінің екінші күнінде түсірілген. "The Spirit Of Tengri фестиваліне бардым. Өте керемет өтті", - деді ол.

Еділ Құсайынов. ©Lev Mariupolskiy/Facebook

Әлеуметтік желі қолданушысы Мұрат Елемес фестивальдің жаңалықтарымен бөлісіп отырды. "Өткен жылы шыққан "Шарапат" тобы қазақстандықтар үшін үлкен жаңалық болған еді. Менің ойымша, олар музыка қабырғасында өз орнын алды. Биыл солардың ізімен  Neo-Ethno-Folk group Arkaiym тобы шықты. (...) Өткен жылы ерекше әсер сыйлаған The Spirit of Tengrі биыл екі күн бойы қуанышқа бөледі. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз! Сіздер біздің музыкалық өмірімізді жандандырдыңыздар!", - деп жазды ол.

Чылтыс пен Мұрат Елемес. © Автордың Facebook парақшасы.

Әлеуметтік желі қолданушысы Ғалия Файзулина былтыр The Spirit of Tengri фестивалі туралы ең үздік пікір конкурсында жеңімпаз атанған болатын. Ол биыл да фестивальді көріп қайтты. "Біздің фестиваль. Жұмыс үшін емес, "жан рахатын алуға" болатын Алматыдағы жалғыз шара. "Заманауи этникалық" - өшпеген дәстүр, нағыз мәдени шара, яғни Алматының жаны мен бетпердесі",  - деп жазды Файзуллина. Ол қазақстандық "Арқайым" мен "Шарапат" тобының ұнағанын айтты. Сонымен қатар, Алматыға жаңа бағдарламамен келген, қазақтарға таныс Радик Тюлюш, BaBa Zula мен этноджаз жанрында ән шырқаған грузиялық The Shin тобының ерекшелігін атап өтті. "Жас аналар мен 1-2 жасар қыздарын ерітіп алып, рахаттана билеген жас әкелерге қарап тұру қандай керемет. Эрика (Ғалия Базарбаеваның қызы) бес сағат бойы өзінің ерекше ынтасымен көзге түсті", - деді Файзуллина.

The Spirit of Tengri туралы өз ойымен Hit TV телеарнасының редакторы Артем Крылов та бөлісті: "‪#‎TengriFM ұжымына, сонымен қатар #‎KaspiBank‬ компаниясына осындай тамаша фестиваль үшін рахмет айтамын. #‎Арғымақ - мен үшін биылғы көшбасшы. Түркиядан келген BaBa Zula өз стильдерімен ерекшеленді. Дұрысын айтқанда, бірегей контент, керемет дыбыс, good vibrations. Осындай кештен кейін айғайлағың келеді, мен айғайладым: "Аспан, Алматыны қорға!".

Шараға қатықан музыканттар да әлеуметтік желілерде белсенділік танытты. Aldaspan тобының негізін қалаушы Нұржан Тойшы өз пікірін білдірді: "Бізді мәдениет пен музыка біріктірді. Бәрінің беттері білімнен жанып тұрды. Бұл түрлі шеберлердің сауатты қойылымдары. Яғни, парасаттылық. Кеш көңілді өтті. Ұйымдастырушылардан өрлей берулерін, адамдарды да өрге көтермелей берулерін сұраймын. Осының бір бөлшегі болу да үлкен мәртебе. Әлемді әлі жүз рет таңғалдырады деп сенемін".

Эстониялық Trad.Attack ұжымы өткен фестиваль туралы ресми парақшаларына бірнеше сурет жүктеді. Музыканттар фестивальге қатысып қана қоймай, қаланы аралап суретке түсіп үлгерді.

"Қазақстандағы The Spirit of Tengri фестивалі керемет өтті! Рахмет, спасибо!", - деп жазды олар.

Түркиялық BaBa Zula тобының парақшасында былай деп жазды: "Тенгри рухы - Қазақстандағы фестиваль! Қолдағандарыңызға рахмет!".

Блогшы Анастасия Ахметова парақшасына бірнеше сурет жүктеді.

"Хангай Алматыда. ‪#‎mongolyzazhgli‬ ‪#‎spiritoftengri‬ Ертең тағы бір күн бар, менімен бірге болыңыздар, фестиваль керемет. Тенгри ұжымы, рахмет!", - деп жазды ол.

"Арғымақ" тобымен бірге шыққан әнші Екатерина Ямщикова Instagram парақшасында бірнеше сурет жариялады.

"Ұлы #Намгар". Фото Екатерина Ямщикованың Іnstagram парақшасынан алынды.

"Біз бүгін Қазақстан тауларындамыз". Фото Екатерина Ямщикованың Іnstagram парақшасынан алынды.

Айта кетейік, пікірлердің көп бөлігі "Отан Ана" әні түсірілген видеоға жазылды. Композиция Батырхан Шүкеновтің құрметіне арналды.

Хор айтыла бастаған кезде Алматыда жел тұрып, жаңбыр жауды. Композиция аяқталған кезде жауын тоқтады. Бұл жағдайға көрермендер ерекше таңданыспен қарады. "Аспан жылайтындай етіп орындады. Бұл Батырханның сіздерді естігенінің белгісі", "Бәріміз аспан астындамыз, кей адамдар аспанда! Дегенмен олар бәрін көріп тұр! Олар адамдардың жан айқайын түсініп, жылай да алады!", "Көзімнен жас ақты... Керемет қойылымдарыңыз үшін рахмет!" - деп жазды қолданушылар.

Еске сала кетейік, Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың бірі халықаралық The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалі Алматыда үшінші рет өтіп отыр. Бұл жолы фестивальге Эстония, Моңғолия мен Венгрия музыканттары келді. Шараны Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды, бас серіктес - Kaspi bank.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети