The Spirit of Tengri фестивалінде түркиялық топ өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Spirit of Tengri фестивалінде түркиялық топ өнер көрсетеді BaBa Zula. ©Bulgarian.ibox.bg

Алматыда 7 маусымда өтетін The Spirit of Tengri - ІІ қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінде түркиялық BaBa Zula тобы өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 7 маусымда өтетін The Spirit of Tengri - ІІ қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінде түркиялық BaBa Zula тобы өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

BaBa Zula Түркиядағы рок-психоделиканың бірден-бір өкілі саналады. Бұл топ 2005 жылы режиссер Фатих Акиннің "Көпірдің екі жағынан шығатын Ыстамбұл дыбыстары" деректі фильмі шыққаннан кейін әлемге әйгілі болды. Фильм Ыстамбұлдағы ілгерінді музыкалық қозғалысқа арналған еді.

Түркиялық рок-топ музыканттары дәстүрлі аспаптарда ойнай отырып, оған регги, электроника, даб жанрлары элементтерін араластырады. Топ музыкасының ядросы - парсының саз аспабының үні.

BaBa Zula шаман рәсімдері, сахналық қойылым, сурет салу, мықын биі сияқты орындаушылық арт-формалардан тұратын ерекше концерттерімен де танымал. Бүгінде топ Еуропадағы көп этникалық фестивальдерге, атап айтқанда, ағылшынның WOMAD және Данияның Роскилле қаласындағы фестивальдерге жиі қатысады.

The Spirit of Tengri фестивалі 7 маусым күні Республика сарайының алдында өтеді. Оған Бурятия, Саха, Австрия, Жапония, Эквадор елдерінен теңдесі жоқ музыкалық ұжымдар келмек. Биылғы концерт "Алматы - ТМД-ның мәдени астанасы" жылына арналып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети