06 маусым 2016 | 00:07

The Spirit of Tengri фестивалін көмеймен айту атмосфералық синтезі мен электронды музыка қорытындылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық азиядағы ең ірі The Spirit of Tengri заманауи этникалық халықаралық фестивалі тываның белгілі "Хуун-Хуур-Ту" тобы мен америкалық DJ Carmen Rizzo-ның бірігіп өнер көрсетуімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Carmen Rizzo "Грэмми" сыйлығына екі мәрте ұсынылған. Фестиваль open-air форматында Республика Сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда өтті.


Иконка комментария блок соц сети

Орталық азиядағы ең ірі The Spirit of Tengri заманауи этникалық халықаралық фестивалі тываның белгілі "Хуун-Хуур-Ту" тобы мен америкалық DJ Carmen Rizzo-ның бірігіп өнер көрсетуімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Carmen Rizzo "Грэмми" сыйлығына екі мәрте ұсынылған. Фестиваль open-air форматында Республика Сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда өтті.

Тывалық ұжым фестивальде тываның дәстүрлі әндеріне негізделген ерекше бағдарлама ұсынды. Танымал диджеймен бірге өнер көрсету көмеймен айтылған әнге жаңа әр бере түсті. "Өте жақсы әрі ынтымағы мол фестиваль дамып, өсіп келеді. Келесі жылы бұдан да жақсы болады деп үміттенемін", - деді "Хуун-Хуур-Ту" тобының солисі Радик Тюлюш.

DJ Carmen Rizzo The Spirit of Tengri фестивалінің фантастикалық болғанын және келесі жылы тағы да шақырту алса қуана келетінін айтты. "Фестиваль фантастикалық болды, көрермен шын мәнінде тамаша. "Хуун-Хуур-Ту" тобымен бірге жұмыс істегенім үшін өзімді бақытты санаймын. Біз бірге альбом жаздық, оның жұмыстары бес жыл бұрын басталған еді. Бұл фестивальде өнер көрсету мен үшін үлкен құрмет және біз осы бір тамаша Қазақстанда бірнеше күн болды. Мен халықтың мәдениетімен жақын таныстым және мен үшін бұл мақтаныш", - деді DJ Carmen Rizzo.

Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналды. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырды.

Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысты. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети