Башқұртстан, Грузия және Түркиядан келген қонақтар халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалін жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Концерт Республика Сарайы алдындағы алаңда өтіп жатыр. Концертті тамашалау тегін. Фестивальді ұйымдастырушы - Tengri FM радиостанциясы, бас серіктес - Kaspi bank.
Башқұртстан, Грузия және Түркиядан келген қонақтар халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалін жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Концерт Республика Сарайы алдындағы алаңда өтіп жатыр. Концертті тамашалау тегін. Фестивальді ұйымдастырушы - Tengri FM радиостанциясы, бас серіктес - Kaspi bank.
2014 жылы The Spirit of Tengri фестиваліне қатысқан The Shin Алматы аспанында нағыз грузиялық этно-джаз бен рок-н-ролл әуендерін қалықтатты. Олардың қойылымдары грузиндерге тән энергетикамен ерекшеленді. Топтың қойылымдарын гитара және грузиндердің биі әсерлі ете түсті. Ең қызығы, топтың бір мүшесі ұжымға кездейсоқ келген. Топтың кезекті қойылымдарының бірінде жас жігіт шығып билей жөнеледі. Осыдан кейін топ мүшелері оны өздеріне шақырады.
"Тамаша фестиваль, биыл керемет бола түсті. Біздің ойымызша, бұл бізді түп-тамырымызға оралтатын болашақтың әуені. Мұндай фестиваль еуропалық тыңдармандарға да ұнайды. Тhe Spirit of Tengri фестивалін Еуропада өткізу мәселесін ойластыру керек", - деді музыканттар.
"Арғымақ" тобы қазақстандықтарға таныс - музыканттар The Spirit of Tengri 2014 фестиваліне қатысқан болатын. Олар Алматыға жаңа бағдарламамен келді. Орындаушылар екі ішекті башқұрт домбырасымен және африкалық джембе барабанымен керемет қойылым қойып, тыңдармандарын қуантты. Олар орындаған музыка рок пен этникалық әуенге толы болды. Кейін топ "этникалық баяу әуен" орындады. Бұл жанрды топ мүшелері өздері ойлап тапқан. Айта кетейік, "Арғымақ" тобы фестивальге кеңейтілген құраммен келді. Қойылымның ортасында оларға Екатерина Ямщикова қосылды. Ол орыс халық әуендерін башқұрт рогына сай етіп орындайды.
Топ мүшелерінің айтуынша, фестиваль деңгейі жыл өткен сайын өсіп жатыр. "Кемені қалай атасаң, ол солай жүзеді", - деді музыканттар. Олар The Spirit of Tengri фестивалінің азиялық және еуропалық ұлттық музыкаларды насихаттау арқылы дұрыс бағытта келе жатқанын атап өтті.
Түркиялық BaBa Zula тобы осымен Қазақстанға екінші рет келді. Топ мүшелері сахнада 20 жылдан астам уақыт бойы өнер көрсетіп келеді. Олардың ерекшелігі - көне парсы аспаптарында ойнауында. Топ ритмді, авангардтық музыкаларды орындайды. Олардың астарында дәстүрлі түрік вокалы мен этникалық дәстүр жатыр.
Айта кетейік, фестиваль екі күнге созылады. Биыл The Spirit of Tengri фестиваліне 11 елден келген өнерпаздар қатысады.