26 сәуір 2016 | 10:03

The Spirit of Tengri фестивалінде "Роксонаки" қытайлық этно-рок тобымен бірге өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Роксонаки" тобы. © Ярослав Радловский "Роксонаки" тобы. © Ярослав Радловский

Тhe Spirit of Tengri халықаралық заманауи этно-музыкалық фестивалі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына көптеген тосынсый дайындап қойды. Олардың бірі - отандық этникалық музыканың мэтрі "Роксонаки" тобының өнер көрсетуі. Олар қытайлық Sintas тобымен бірге сахнаға шығады.


Иконка комментария блок соц сети

Тhe Spirit of Tengri халықаралық заманауи этно-музыкалық фестивалі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына көптеген тосынсый дайындап қойды. Олардың бірі - отандық этникалық музыканың мэтрі "Роксонаки" тобының өнер көрсетуі. Олар қытайлық Sintas тобымен бірге сахнаға шығады.

"Біз Қытайдағы Sintas тобымен бірге өнер көрсетеміз. Олар сол жақта тұрып жатқан қазақтар. Біз Қытайда гастрольдік сапарда болдық, содан Үрімші қаласында осы топты кездестірдік. Олар өз бағдарламасы бойынша өнер көрсетеді, біз де солай. Сонымен қатар, бірге сахнада ән орындаймыз. Қызығы, олар бала кездерінен "Роксонаки" тобының әндерін тыңдаған екен, біздің әндермен өскен, біз орындаған барлық шығарманы біледі", - деді топтың орындаушысы Руслан Қара.

Айта кетейік, "Роксонаки" тобы 90-жылдарда құрылған. Музыканттар өздерінің сахнадағы кәсіби біліктілігі мен тыңдармандарына деген құрметімен әйгілі. Топ танымалдылығын ерекше және қайталанбас туындыларды орындауымен түсіндіреді. Әншілер өз шығармаларына классикалық және ұлттық аспаптарды қолданады.



Орындаушылар ешқашан жеткен жетістіктерімен тоқтап қалған емес, әрдайым шығармашылық ізденісте жүреді. Халықаралық The Spirit of Tengri этно-музыкалық фестивалінде өнер көрсетуді топ мүшелері үлкен сый деп қабылдайды. Топ мүшелерінің айтуынша, этникалық музыка әрқашан тыңдармандардың көңілінен шығады, сондықтан The Spirit of Tengri фестивалі үлкен жетістіктерге жетеді.

Екі күндік халықаралық заманауи этно-музыкалық The Spirit of Tengri фестивалі open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді. Әр қатысушы ұлттық аспаптардың жанды дауысын естіп қана қоймай, бірегей табиғаттың үні мен этнофольклорлық музыканы тыңдай алады. Концерт сағат 17.00-де басталады. Қонақтарға кіру тегін. Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Фестивальге техникалық көмек көрсететін - KZ Sound компаниясы, ресми әуе тасымалдаушы - AirAstana. Ал фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети