Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінің бірінші күні аяқталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында өтіп жатыр. Концерттің екінші бөлімі 21 мамырда сағат 17.00-де басталады.
Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінің бірінші күні аяқталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында өтіп жатыр. Концерттің екінші бөлімі 21 мамырда сағат 17.00-де басталады.
Бүгін сахнаға соңғы болып Израильдан келген Dudu Tassa & The Kuwaitis жобасының музыканттары шықты. Музыканттар иврит және араб тілдерінде ән айтты. Сондай-ақ, әншілер Қазақстанға Иордания астанасы Амманда өткен концерттен кейін келіп отыр екен. Израильдің Қазақстандағы елшісі Михаэль Бродскийдің айтуынша, араб елдерінде көрермендердің израиль топтарының өнерін сүйіп тыңдағаны сирек кездесетін жағдай.
Израиль тобының орындауындағы ән сезімталдығымен ерекшеленді. "Біздің музыка өте сезімтал, бізге адамдарды сезіну өте маңызды. Музыканың ешқандай шегі жоқ, музыка - махаббат, жайдарлық. Ең бастысы сезіну және барлығымен бір әлемде болу", - дейді музыкант. Сондай-ақ, олар Қазақстанға тағы қуана келетіндерін айтты. Біз сіздерге алғаш рет келдік, концертке дейін қатты уайымдадық. Қалай өтеді деп. Бірақ біз сахнаға шыққанда осындағы адамдардың бізді қабылдағанын көріп, олардың жылулығын сезіндік. Бізге ұнады!" , - дейді музыканттар.
Қазақстандағы Израиль елшісі Михаэль Бродский де The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінен алған әсерін бөлісті. "Израильдің музыканттары бұл фестивальге алғаш рет қатысып отыр. Бүгін осында израиль мәдениетінің таныстырылғанына қуаныштымын. Бірінші күннен алған әсеріміз тамаша! Бұл этникалық фестиваль Еуразиядағы ең бірі фестиваль болып саналады. Кіммен сөйлессем де, барлығы The Spirit of Tengri фестивалі жайлы және оның жоғары деңгейде өтетінін біледі. Тамаша! Музыканттар осындай алаңда өнер көрсетуден тек ләззат алады", - деді елші.
The Spirit of Tengri фестивалі әлем елдерінің этникалық салт-дәстүрлерін Қазақстан жерінде таныстарын мәдени жоба. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Өткен төрт жылда фестивальге әлемнің 30-дан аса елінен музыканттар мен этникалық музыканттар тобы қатысты.
Айта кетейік, биыл Қазақстан атынан "Тиграхауд" және "Алдаспан" этникалық рок-тобы, диджейлер: Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, сондай-ақ, "Барабаны Алматы" жобасы шығады. Сонымен қатар, іс-шарада Тываның Huun Huur Tu тобының шығармашылығымен танысуға болады. Олар сахнаға америкалық диджей Кармен Риццомен шығады. Ал орыстың халық әндерін Башқұрстаннан келген "Катя Ямщикова" атты фольк-жобаның қатысушылары таныстырады. Ал қалған музканттар The Spirit of Tengri сахнасында бірінші рет өнер көрсетеді. Олардың қатарында Oki Dub Ainu Band, Гвинеядан келген Sekou Kouyate, Роберт Юлдашевтың ұжымы - башқұрстандық "Курайсы" тобы, Литваның Marga Muzika тобы, Алжир мен Франциядан келген Speed Caravan, Бурятиядан Shono, сондай-ақ, Израильден келген Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы бар.