04 маусым 2016 | 21:11

The Spirit оf Tengri фестивалінің танымалдығы жыл өткен сайын артады деп сенемін - Бауыржан Байбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек. © Николай Колесников Бауыржан Байбек. © Николай Колесников

Алматы әкімі Бауыржан Байбек The Spirit of Tengri заманауи этникалық фестивалінде сөз сөйледі. Ол фестивальдің жыл өткен сайын танымал бола түсетініне сенім білдірді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек The Spirit of Tengri заманауи этникалық фестивалінде сөз сөйледі. Ол фестивальдің жыл өткен сайын танымал бола түсетініне сенім білдірді.

"Фестиваль біздің елді танытатын музыкалық шараға айналып үлгерді. Осы жылдар ішінде фестивальге түрлі елдің танымал музыканттары қатысты. The Spirit of Tengri қазіргі кезде этникалық музыка мен фолькрок тыңдармандары үшін ғана емес, ауқымды аудитория үшін де танымал болды. Осындай дәстүрлі әрі мәдени шараның отаны 1000 жылдығын атап өткелі отырған Алматы қаласының болуы кездейсоқтық емес. Алматы мәдениеттерді біріктіретін орын болып қалады", - деді Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, осындай төл мәдениетке, әсіресе заманауи өңдеу кезінде қызығушылық арта түседі.

"Фестивальдің танымалдығы жыл өткен сайын арта түсетініне сенімім мол. Қазір біз осының куәсі болып отырмыз. Бұл жерде кез келген адам ұлттық музыканың әлеміне еніп, түрлі елдің мәдениеті мен дәстүрін көре алады, өткен мен қазіргінің байланысын сезінеді", - деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, қала әкімі заманауи этникалық фестивальдің ұйымдастырушыларына алғысын білдірді. "Осы фестивальді ұйымдастырушыға, жобаның жетекшісіне, "Алаш Медиа групп" холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев пен оның командасына, "Тенгри" брендінің медиатобына алғысымды айтқым келеді. Осындай әлемдік жұлдыздардың орындауындағы этникалық музыканы тыңдауға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға рақмет. Біздің қала жылдын жылға көркейіп, табиғаты да, сәулеті те жақсаратынына сенімдімін. Сондықтан алматылықтарға және қаламыздың қонақтарына, білімді, дарынды жастарымызға табыс, денсаулық пен бақыт тілеймін. Тарихымызды жақсы біліп, жаңа биіктерге жетіңдер", - деді әкім.

Айта кетейік, фестиваль open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңда өтіп жатыр.

Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.

Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысып жатыр. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тува), DJ Rizzo (АҚШ), "Аргымак" (Башқұрстан), Екатерина Ямщикова (Башқұрстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) и Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети