Орталық Азиядағы заманауи этникалық музыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалін құрушылар өздерінің жобасын Венгрияда өтетін құрылтайда таныстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық Азиядағы заманауи этникалық музыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалін құрушылар өздерінің жобасын Венгрияда өтетін құрылтайда таныстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Іс-шараның басты мақсаты - барлық түркі елдерінің өкілдерін біріктіріп, ұлттардың мәдениетін көрсету. Құрылтайда шоу-бағдарламалар, музыкалық таныстырылымдар, археологиялық-антропологиялық көрме мен қолөнершілердің жәрмеңкесі өтеді.
Айта кетейік, бұл шара 2007 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп тұрады. Құрылтай жыл сайын 30-дан аса елдің өкілінің, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Моңғолия, Кырғызстан, Ресей, Молдавия (Гагаузия) мен Болгария елдері өкілдерінің басын қосады.
The Spirit of Tengri жобасының бас режиссері Сергей Майбороданың айтуынша, Венгриядағы құрылтай - тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік. "Біз жобамызды Венгриядағы құрылтайда таныстырамыз. Бұл расында да бізге тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретін шара. Маусым айында біз құрылтайды ұйымдастырушылармен кездестік. Енді олармен әріптестікті жалғастырамыз. The Spirit of Tengri жобасы Еуропада да танымал. Сондықтан біз құрылтай қонақтарына тосынсый дайындап қойдық", - деді жобаның бас режиссері.
Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcты. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.