The Spirit of Tengri қатысушылары фестивальге әзірленіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Spirit of Tengri қатысушылары фестивальге әзірленіп жатыр Чылтыс. ©Ярослав Радловский

The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінің қатысушылары Алматыға түгел жиналып, дайындыққа кірісіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінің қатысушылары Алматыға түгел жиналып, дайындыққа кірісіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Таулы Шория әншісі Чылтыс пен қырғызстандық Гүлзада Алматыға алғашқылардың бірі болып келіп, Tengri FM студиясында концертке әзірлікті қолға алды. Енді қатысушылардың бәрі Республика сарайы алдындағы алаңда sound check жасап жатыр.

The Spirit of Tengri фестиваліне қазақстандық "Роксонаки", "Алдаспан", "Шарапат", түркиялық Baba Zula, эквадорлық Yaric-Ecuador, башқұртстандық "Арғымақ", бурятиялық "Намгар" топтары, грузин виртуоздары The-Shin, қырғыз әншісі Gulzada, Тыва әншісі Сайнхо Намчылак, Таулы Шория әншісі Чылтыс, алтайлық мультиинструменталист, көмей әншісі Болот Байрышев "Белуха Jam" тобымен бірге және тывалық көмей әншісі Радик Тюлюш қатысады. Бүгін "Центр Алма-Ата" мейрамхана-барында сағат 18.30-да фестивальдің баспасөз мәслихаты мен концертке қатысушылардың таныстырылымы болады. 

Айтулы музыкалық оқиға 7 маусым күні сағат 17.00-де Республика сарайының алдындағы алаңда өтеді. Фестивальге кіру тегін. Бұл күні алаңда қолөнер шеберлерінің көрмесі қойылады. 

The Spirit of Tengri фестивалінде электр жетіген және электр домбыра аспаптары жұртшылыққа таныстырылады. Бұл жоба әлемнің этникалық дәстүрлерін Қазақстан жерінде паш етуге бағытталған. Шараны ұйымдастырушы - Tengri FM радиостанциясы. Биылғы фестивальдің бас әріптесі - Kaspi Bank. Алматы - ТМД-ның мәдени астанасы жылына орайластырылған фестиваль  қала әкімдігінің қолдауымен өтеді.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети